ШЫМКЕНТ: ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ: БІРІНШІ ЛЕКТЕ 115 ШЫМКЕНТТІК БИЗНЕС-ЖОБАСЫНА ГРАНТ ҰТЫП АЛДЫ

Шымкентте биыл «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы шеңберінде 447 адамға 400 АЕК дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант беру жоспарланған. Өтініштер төрт лек бойынша комиссияда қаралып, мақұлданады. Алғашқы лекте шымкенттіктерден 3100 өтініш түсіп, оның 115-і грант ұтып алды.  Мемлекеттік грант алған жандардың 17-і мүмкіндігі шектеулі азамат, 58-і көп балалы отбасы, 15-і мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған жан, 12-і асыраушысынан айрылғандар, 13-і атаулы әлеуметтік көмек алатын аналар. Қайтарымсыз грант алған жандар кәсібін дөңгелетіп, ісінің аясын кеңетуге осылайша мүмкіндік алды.  Қазіргі таңда мемлекеттік грант берудің 2-легі бойынша өтініштер толық қабылданды. Бұл жолы 2893 азамат бизнес-жобасын ұсынды. Жобасын комиссия алдында қорғап шыққан үміткерлердің нәтижелері «Business.enbek.kz» порталындағы жеке кабинеттеріне хабарлама ретінде жолданады.  Айта кетейік, мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ғана ала алады. Шымкентте «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инновациялық жобаларға мемлекеттік гранттар ұсыну қарастырылған. Өткен жылы бағдарлама аясында мемлекеттік гранттар ұсынуға 289,9 млн. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен 55 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 234,9 млн. теңге бөлінген 2019 жылы 152,0 млн. теңге. Ал, жобасы үздік деп танылған әрбір кәсіпкерге 2-5 млн теңге көлемінде грант берілді. Мемлекеттік гранттар конкурстық комиссияның нәтижесі бойынша бөлінді. Оның құрамында «SmartOn» ІТ-компаниялар қауымдастығы төрағасының кеңесшісі, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары, қалалық мәслихат хатшысы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми зерттеулер департаментінің директоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ филиал директорының орынбасары, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылары болды. Бағдарлама аясында мемлекеттік гранттар ұсыну екі кезеңде өткізіліген болатын. 1-ші кезеңде 234,9 млн. теңге бөлініп, 176 үміткер құжат өткізіп, 52 кәсіпкердің жобаларына қолдау көрсетілді. 2-ші кезеңде 51,9 млн. теңге бөлініп, 101 үміткер қатысуға ниет білдірген. Қатысқан үміткерлер арасынан 15 кәсіпкердің жобалары қолдау тапты. Айта кетейік, 2020 жылы жалпы 289,9 млн. теңгеге 67 кәсіпкердің жобалары қолдау тауып 2019 жылмен салыстырғанда 12 жобаға артық қолдау көрсетілген.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

 

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика