Шымкент қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауындағы тапсырмаларды орындау жөнінде жоспар бекітіледі. Бұл мәселе Шымкент қаласы әкімдігі басшылығының төрағалығымен өткен аппараттың апталық отырысында арнайы қаралды. Жиында бірнеше басқарма басшысының есептері тыңдалып, жоспарлар жасалды.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында Шымкент қаласының дамуына тікелей ықпал ететін мәселелер көтеріліп, міндеттер жүктелді. Таяуда Үкіметтің қарауымен Жолдауды жүзеге асыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспары бекітіледі. Біз де өз тарапымыздан әлеуетімізді саралап, дайындықты бастауымыз керек. Қала әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері өздеріне тиесілі салалары бойынша жоспар жасап, елдің әл-ауқатын көтеру, Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейтулері тиіс, – деді қала активі. Жолдауы негізгі бағдарламалық құжат ретінде еліміздің даму келешегіне бағыт-бағдар беріп, барша Қазақстан жұртын ел келешегінің дамуына жұмылдыруға бағытталып отыр. Осы орайда Президент елдің әлеуметтік жағдайын көтерудегі әрбір ведомствоның жауапкершілігін нақты дәлелдермен көрсетіп берді. Әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіпке, сот жүйесіне, ішкі істер саласына қатысты нақты талаптар қойды. Бүгінде қол жеткізген жетістіктеріміз баршылық. Экономикамыз дамып, салаларда серпін байқалады. қаншама құнды дүниелерге қол жеткіздік. Ендігі кезекте әрбір Қазақстан азаматы ел алдындағы жауапкершілігін түсіне отырып, заманауи жаңалықтарды игерумен қатар, өз отбасының білім алуына, денсаулығының саламатты болуына ерекше ыждаһаттықпен қарауы тиіс. Сонымен қатар өркениеттен жырақта жатқан ауыл-аймақтар қалалармен тығыз байланыста дамып, ауыл-қала арасындағы алшақтықтар жойылса, ауыл өндірісі мен қала тіршілігі тығыз байланыста болса, көптеген мәселелер шешімін тапқан болар еді. Өндіріс, өнеркәсіптердегі жұмысшыларға төленетін еңбекақы мөлшері өз деңгейінде төленіп, жұмыскердің әлеуметтік қажеттіліктері қиындықсыз шешіліп отырса, осы қадамның өзі біздің жарқын келешегімізге жасалған қадамдардың бірі болып табылатыны сөзсіз.
Қызмет ақпарат
1922 символ
Leave a Reply