Мәдениет – ұлт өмірінің айнасы, ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан халықтың рухани келбеті, мейірімі мен парасат-пайымы. Мәдениет – елдің ең басты рухани байлығы, асыл мұрасы. Қай елдің мәдениеті мықты дамыса, сол елдің еңсесі де биік болады Бұл тұрғыдан келгенде біздің көсіле сөйлеуімізге болады. Арғы ата бабаларымыздан қалған асыл мұралар, Қазақ хандығының іргесі қаланғаннан бергі жиналған жауһар дүниелер әлем алдында абыройымызды биіктетіп келеді. Соларды насихаттап, көкке көтеріп жүрген мәдениет саласы қызметкерлерінің еңбегі орасан. Әрине, өнерді құрметтеп, мәдениетті өркендету – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Десе де, мұражайлар мен кітапханалардың, театрлар мен концерттік ұйымдардың, халық шығармашылығы және мәдениет үйлерінің, қалалық және ауылдық клубтардың қызметкерлерінің, сондай-ақ ақындар мен жазушылардың рөлі ерекше. Олар қоғамымыздағы руханиятты дамытуға, игілікті, адамгершілікті, қайырымдылық пен өзара түсіністікті өрістетуге жол ашып, үздік мәдени дәстүрлерді сақтауға һәм молайтуға ерекше мән беріп келеді. Осы мақсатта Шымкентте тұрғын үйлердің қабырғасын әдемі суретпен әрлеу сәнге айналып келеді. Осыған дейін қаладағы бірқатар тұрғын үйдің сыртында ерекше муралдар көрініс тапқан болатын. Бүгін қалалық туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы креативті индустриялар салаларын белсенді дамыту мақсатында street art стилінде тағы бір жаңа муралдың таныстырылымы өтті. Түркістан көшесіндегі тұрғын үйге муралды салуға JUSAN банк демеушілік көрсеткен.
– Шымкенттің басқа аймақтардан айырмашылығы – қаламыз жасыл, адамдары ашық-жарқын әрі қонақжай. Сондықтан Repas стрит-арт өнерімен айналысатын командамен бірлесіп, осындай түрлі-түсті мурал сыйлауды шештік. Республикалық жобаны Шымкент қаласынан бастадық. Бұл жобаны еліміздің басқа да қалаларында іске асыру жоспарда бар. Мақсатымыз – елеусіз қалған ескі үйлердің аулаларына халықтың көңілін бөлу, тазалыққа шақыру, — дейді JUSAN банк Шымкент филиалының директоры Қуаныш Ұласбеков.
Банк басшысы өзге де кәсіпкерлерді осындай игі іске ұйытқы болуға шақырды. Жылқы бейнеленген муралға үйдің тұрғындары да риза. Олар мурал маңында суретке түсушілер көбейіп, ауламыз көңілді әрі сәнді бола түсті дейді.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply