«Ұстаздық — ұлы іс» деп кемеңгер жазушымыз М. Әуезов айтқандай, бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп есептеймін. Мұғалім — мамандық болса, ұстаздық қасиет, табиғат дарытқан құдірет екен. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық жігер беріп өрге сүйрейтін де, жаныңа азық, өміріңе өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет. Қазағымның, елім мен жерімнің және ана тілімнің мерейін өсіретін ұстаздық ұлағатты істе адал болу — абыройлы іс.
Шәкірттеріңді көргенде өз еңбегіңе деген ризашылық пен ерекше қанағат сезімді байқайсың. Одан әрі құштарлана, ынталана аса бір махаббатпен, сезіммен алға ұмтыласың. Басқаға керек болу үшін жаралудың өзінде үлкен мән мен мағына жатқанын айқын аңғарасың. Жаңа бір үміт, мақсат пен міндетті жалау етіп, тағы да соны бағындырғың келіп тұрады. Өзіңнің тірнектеп жинаған тәжірибеңді, үйрете жүріп үйренген тағылым — пәрменіңді, білім — білігіңді үлкен істермен ұштастырғың келіп кетеді. Осы орайда 2023 жылы 3 мамыр күні Қосымша білім беру оқу салалық орталығының ұйымдастыруымен «Келісім мен татулық- тұрақтылық кепілі» тақырыбында этнос өкілдері мен «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымдарының арасында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қалалық ассамблеясының татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ақбердиева Сайма Нажиповна, өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Омаров Шокир, түрік ұлтының өкілі Гусеинова Севара Шарафиддиновна, азербайджан ұлтының өкілі Гусеинов Аббас Абдул-Алиұлы қонақ ретінде шақырылды. Кездесу барысында келген қонақтар жастарды өз ұлтының өмір тарихымен, салт-дәстүрімен таныстырып, қазақ халқына деген үлкен құрметін білдірді.
Қалалық ассамблеясының татар-башқұрт этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ақбердиева Сайма Нажиповна ассамблеяның тұрақтылықты сақтау, қоғамның бірлігін нығайту бағытындағы жұмыстары жайында айтып өтті. Кездесу соңында қонақтарға «Алғыс хаттар» мен гүл шоқтары тарту етілді.
Қызмет ақпарат
1741 символ
Leave a Reply