Ұлттық идеология және ютуб: Ел болам десең, YouTube-іңді түзе!
Сондықтан «Ұлттық идеология және …» жобасының кезекті шығарылымын «Ұлттық идеология және ютуб» деп атап, қонақ ретінде қызметі ютубпен тікелей байланысты адамдарды шақырдық. Атап айтсақ, медиаменеджер Жанасыл Болатбек пен Bilimkids жобасының жетекшісі Назымбек Шардарбек.
Сұхбат барысында көбіне ютубтағы балалар контентіне тоқталдық. Қазақтілді балалар ютубына не жетіспейді, дамуына не кедергі және оның салдары қандай екенін талдадық. «Маша и Медведь» сияқты орысша мультфильмдерді аударған дұрыс па, кезіндегі «Қошқар мен теке» неліктен балалардан гөрі ересектерге ұнағаны жөнінде ой өрбіттік. Спикерлеріміз баланы қызықтыратын контент жасауды неден бастау керегі және ютубта қаржы әкелетін өнім қалай жасалатыны туралы кеңестерімен бөлісті.
Онымен қоса, идеология мен пропаганданың айырмашылығы, билік халықты деңгейі төмен көруі, қоғамдағы жеке адамның құны, ата-ананың бала бағытына әсері, авторлық құқық, аймақтағы жастарды дамыту, референдумға бару жөнінде сөз қозғадық.
Сұхбатты төменнен тамашалай аласыз.
Leave a Reply