БІЛІМ: СТУДЕНТТЕР САУАЛДАРЫН АШЫҚ ЖОЛДАЙДЫ

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің мәжіліс залында Басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева  бірінші курс студенттерімен кездесті.

Кездесуге тарих және педагогика факультетінің студенттері қатысты. Жастарға алдымен  ұлттың ұлы тұлғасы Өзбекәлі Жәнібеков туралы деректі фильм көрсетілді.

Бұдан кейін  Гүлжан Дәулетбекқызы оқу орнын  имене аттаған жастарға білім ұясында жасалатын  қамқорлықтар мен міндеттер  туралы кеңінен  түсіндірді. Стратегиялық даму және әлеуметтік  істер  жөніндегі проректор Баршагүл Исабекованы, академиялық  мәселелер жөніндегі проректор Айнаш Құдышеваны, ғылыми жұмыстар  және инновациялар  жөніндегі проректор Ержан Керімбековті және басқа да жауапты мамандарды жақыннан  таныстырып, қандай да мәселелер мазаласа тікелей жолығып,  шешімін  табуға көмектесетінін  айтты.

Университеттің  академиялық  саясаты туралы комплаенс-офицер Ж. Жандосова,  ал студенттік  ұйымдар  мен  үйірмелер  туралы Б. Тасболат баяндама жасады.

Оқу орнының тағы бір артықшылығы, бүгінде жастардың бос уақытын  тиімді ұйымдастыру және болашағына дұрыс бағыт беру мақсатында оқу орны жанында сурет,  фотоөнер,  би,  айтыс, вокал,  тағы басқа он шақты үйірме жұмыс істеп тұр. Түрік тілін  оқыту орталығы да тегін  сабақ үйретеді. Оқу орнының бірінші басшысы студенттерді осы мүмкіндікті тиімді пайдалануға және кез-келген  уақытта жазылып, қатысуға болатынын мәлімдеді.

Ректор сондай-ақ,  жастарды жат әдеттен  аулақ  болуға, ал Баршагүл Қашқынқызы өз кезегінде студенттерді сессия кезінде алаяқтарға алданып қалмауға шақырды. Қандай да бір  келеңсіз жағдайлар  болса  университеттің сенім телефоны жұмыс істейтінін  хабарлады. (Студенттерге арналған  сенім телефоны мен үйірмелер тізімін парақшамызда қосымша жариялайтын боламыз).

Кездесу соңы ашық микрофонға ұласып, жастар  өздерін  толғандырған  сауалдарға жауап алды. Университет басшысының  студенттермен  кездесуі оқу жылы бойы жалғасатын  болады.

 

Қызмет ақпарат

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика