Шымкент қаласында 16 қыркүйек күні «World clean up day» — «Дүниежүзілік тазалық күнінде» «Киелі табиғат» бірыңғай республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік іс-шарасы өтті. Сайрам тұрғын алабындағы тарихи орындарға арнайы ұйымдастырылған тазалық акциясына қала жастары қолдау көрсетіп, белсенділік танытты. Дәстүрлі экоакцияға ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма қызметкерлері, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер, қала жастары және эковолонтерлер қатысты. Іс-шарада қала жастары тұрғын алаптағы Сайрам қалашығы (Исфиджаб), Абдель-Азиз баб, Ибрагим-ата кесенесі, Қожа Салих кесенесі, Мірәлі баб кесенесі, Қарашаш ана кесенесі, Қызыр мұнарасы тарихи нысандарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, киелі орындарды аралады. Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Сәкен Шәкеев экологиялық акцияның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті.
— Сайрам қалашығынан басталған экосенбіліктің мақсаты — тарихи, киелі орындарды жастарға насихаттау, оларды келешек ұрпаққа сақтап қалу. Киелі жерлер болғандықтан ұдайы тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Тәрбиелік мәні зор іс-шара қала жастарына, туристерге зор серпін береді, — деді басқарма басшысы. Айта кетсек, 250-ден астам қала жастары, волонтерлер, зиялы қауым өкілдері тазалық іс-шарасына белсене үлес қосты. Жастар – ел болашағы, ата-ана, Отанының үміті. Сенімнің үдесінен шығу үшін жастар тәрбиелі әрі білімді болуы қажет. Кез келген ортада бәсекелестік болатыны рас, заңғар жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай қашанда халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім ғана. Бірнеше тіл білудің өзі – жастар үшін үлкен жетістік. Егер жаңа ортаға тап болсақ, сол ортаның тіліне, қағидаларына үйренуге тура келеді. Міне осындай сәттерде зерек әрі тіл білімі жоғары адам қиындыққа тап болмайды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» қағидасымен өмір сүру жарқын болашаққа бастайды.
Қызмет ақпарат
1711 символ
Leave a Reply