Мемлекет басшысы жолдау айту барысында біздің елді халықаралық транзиттік ел айналдыру мәселесін кең түрде айтып өтті. Бұл ретте осы мәселені айтып қозғап, ол бойынша нақты тапсырмалар жиынтығын үкіметке берді және парламентке ұсыныс жасады. Президентін аталған мәселе бойынша берген тапсырмаларын толықтай қолдауға болады. Біріншіден, біздің елді халықаралық транзиттік елге айналдыру жалпы мемлекеттің экономикалық ахуалын нақты жақсартуға, оның ішінде сыртқы экономикалық қызметтің сапасын көтеруге ықпал жасайды. Екіншіден, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға және халықаралық жүк тасымалдау жүйесін жаңа қарқынмен қалыптастырып дамытады. Үшіншіден, біздің еліміздің аумағынан өтетін халықаралық дәліздер мен халықаралық жолдарын қалыптастыру көптеген салаларды стратегиялық тұрғыдан тікелей қалыптастырып дамытады деп санаймыз. Әсіресе, кавказ елдері арқылы қара теңізге және еліміздің оңтүстіктегі елдер арқылы парсы шығанағына халықаралық теміржол мен автомобиль жолдарын салуға нақты ұсыныстардың бар екендігі көрініп тұр. Төртіншіден, жоғарыда аталған факторлар біздің елдің халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсерін береді деп есептейміз. Бесіншіден, аталған факторлар елімізді халықаралық хабқа айналдыру мүмкіндігін береді. Президентіміздің Жолдауы негізінен елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы да еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді. Бұл жақсылықтың нышаны. Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар бар. Негізінен қоғамдағы белсенді бастамалардың бәрін де адамның сапасы, яғни оның білімі, тәртібі мен тәрбиесі сияқты құндылықтар жүзеге асырады. Мұның бәрінің де тиісті деңгейде жүзеге асуы әрбір жеке адамға байланысты. Адам капиталы Елбасы белгілеп берген міндеттерді бүгін де, ертең де жүзеге асыра беретін болады. Сондықтан бізге бүгінде адам сапасын арттыру маңызды болып отыр. Президентіміздің «Адам капиталы» идеясы да адам сапасын арттыру арқылы қоғам дамуына үлес қосу болып отыр. Сонымен қатар биылғы Жолдауда айтылған мақсаттарды орындау да үлкен жауапкершілік жүктейді.
Қызмет ақпарат
1970 символ
Leave a Reply