Қаржы пирамидасын жарнамалағандар 7 жылға дейін сотталады

Депутат Юрий Ли осындай қатаң шара қабылданып жатқанымен, ең бірінші кезекте халықтың қаржылық жсауаттылығына бас мән берілуі керектігін айтып өтті.Мәжілісте қаржы пирамидаларының қызметіне қарсы іс-қимылды күшейтуге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қарауға ұсынылған заң жобаларының негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнамадағы құқықтық олқылықтарды жою арқылы жалған қаржылық пирамидалардың кең таралуына депутаттардың жедел ден қоюы, сондай-ақ қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру және жарнамалау үшін жауапкершілікті күшейту болып отыр. Заң жобасын талқылау барысында депутат Дания Еспаева қаншама қаржылық пирамидаларды жарнамалағандардың қатарында вайнерлер болғанын мәселе көтерді. Бұл сұраққа жауап берген мәжіліс депутаты Юрий Ли Қылмыстық кодекстің 217 бабына тиісті өзгерістер енгізілетінін мәлім етті.

«Осы баптағы тәртіп күшіне енгеннен кейін блогерлер мен вайнерлер, қоғамдық пікір көшбасшылары қаржы өнімдерін жарнамалау кезінде аяғын аңдап басатын болады. Себебі оны жарнамалаған адам  қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Анықтама үшін айтайын: аталған баптың бірінші бөлігі бойынша айыпкерге 2 мың АЕК айыппұл салынады. Немесе ол қоғамдық жұмысқа тартылады немесе екі жылға дейін бас бостандығы шектеледі. Төртінші бөлігінде тіпті айыпкерді 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айырады. Мүлкі тәркіленеді. Сондықтан бұл өте қатаң шара», — деді Юрий Ли.

Депутат осындай қатаң шара қабылданып жатқанымен, ең бірінші кезекте халықтың қаржылық сауаттылығына бас мән берілуі керектігін айтып өтті.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика