Ұлттық Банк теңгенің еркін айналымын қамтамасыз етеді

Қазақстанда төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық Банк сыртқы күйзелістерді абсорбациялай отырып, теңгенің еркін айналымын қамтамасыз етеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов іскерлік БАҚ-қа берген сұхбатында осылай деді.

 

Отандық өндірістің қазіргі деңгейі ішкі сұранысты қамту үшін жеткіліксіз. Осының өзі импортқа тәуелді етеді. Тауарды сырттан импорттай отырып, біз Қазақстанға әлемдік инфляцияның енуіне есік ашамыз. Оның үстіне шетелдік тауарларға ақы төлеу кезінде шетелдік валютаға сұраныс туындайды, осылайша айырбас бағамына қысым көрсетіледі, деп түсіндіреді Орталық банк басшысы.

Қазақстандық экспорттың 60%-ы мұнайға тиесілі екенін ескерсек, ағымдағы шоттың траекториясы қара алтынның әлемдік бағасының траекториясымен белгіленеді. Энергия жеткізушлерінің бағасы төмен болған кезде төлем балансының ағымдағы шоты тапшылық аймағында қалды, ал баға көтерілген уақытта, профицит байқалды.

Мұндай заңдылық осы жылдың бірінші жартыжылдығында да байқалып отыр: мұнайдың жоғары бағасы ағымдағы шоттың 6,6 млрд АҚШ долларына профицитін қамтамасыз етті. Алайда, бұл тұрақты үрдіс емес, өйткені ол тек шикізат бағасының өсуімен ғана қамтамасыз етіледі.

Экономиканы әртараптандыру – бір күндік жұмыс емес. Ол үнемі жүргізіліп отырады. Үкімет 2025 жылға қарай 41 млрд АҚШ доллары көлеміндегі тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортына қол жеткізуді көздейді. Осы мақсаттың өзі қазірден бастап бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтуді талап етеді дейді Ғалымжан Пірматов.

Қазақстан экономикасы сыртқы күйзелістерге ұшырып отыр. 2020 жылы мұнай нарығындағы баға кереғарлығымен, одан кейін іле-шала орын алған жаһандық коронавирус пандемиясымен байланысты сыртқы тәуекелдердің іс жүзінде бой көрсетуі инфляцияның нысаналы дәліз шегінен шығып кетуіне жол берді.

2021 жылдың орта шенінен бастап, әлемде, сол сияқты Қазақстанда да жеткізу тізбегінің бұзылуынан тауар-шикізат нарығында сұраныстың жедел қалпына келуі мен туындаған жаһандық теңгерімсіздіктің салдарынан инфляция қарқын ала бастады. Биыл инфляция геосаяси ахуалдың шиеленіскен тұста жаңа айналымға енді.

Дегенмен, Ұлттық Банктің жедел қабылдаған шаралары макроэкономикалық тұрақтылық пен теңге активтерін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Осы жылдың ақпан-наурыз айларында қабылданған шешімдер ұлттық валютаны қолдауға және қазақстандықтардың жинақ қорын қорғауға себепші болды.

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика