«Өмірдің бір қызығы – бала деген». «Балалы үй – базар». «Бала – болашағымыз». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі. Бала – басты байлығымыз, ал ең асылы – оның тәрбиесі. Ал отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы алтын ұясы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасы мен өскен ортасының тигізетін әсері мол. Бала тәрбиесі ұлт таңдамайды, тәрбие барлық ұлтқа қызмет етеді. Алайда әр елдің балаларының бала тәрбиелеу ісі бір-біріне ұқсай бермейді. Әр ұлттың тәрбие беруі әрқилы болса да, бала атаулыға ортақ құндылықтар бар. Олар – туған отбасы, ұядай жылы үй, ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігі. Жас ұрпақ тәрбиесінде еңбекке баулудың маңызы жоғары. Қазақ ерте кезден-ақ жас баланы еңбексүйгіштікке, жалқаулықтан ада болуға үйреткен. Ұлы ойшыл әл-Фарабидің өзі «Тәрбиенің негізі – еңбекте» дейді. Тіпті, білім алудың өзі еңбек арқылы келеді. «Тайдың – мінілгені, баланың – жұмсалғаны білінбейді» десек те, егемен елдің ертеңі болар бүгінгі өрендерге жан-жақты тәрбие беріп, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз етіп, толыққанды білім алуына жағдай жасау Қазақ елінің басты міндеті. Бұл ретте ашық қоғам, әділетті мемлекеттің атқарар рөлі зор. Сондықтан мемлекет балалардың мұқтаждығын өтеу үшін бюджеттен арнайы қаржы бөліп, олардың тиісті білім алуына, денсаулықтарын қадағалауға, жаман әдеттерге ұрынбауына, осы секілді тағы да басқа көптеген мәселелерді қамтуды мойнына алып отыр.
Қазақта «Үлкеннің мыңына бергенше, баланың біріне бер» деген сөз бар. Жас ұрпақ елдің ертеңгі алтын діңгегі болуы тиіс деген Қазақстан мемлекеті тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ұл мен қызды білімді де білікті, озық ойлы етіп тәрбиелеу мақсатында қолдан келген бар мүмкіндікті жасап келеді. Болашақты бекемдеп, келешекті кемел ету ісіндегі мақсат-міндеттер жыл санап өз шешімін табуда. Бұл орталық әртүрлі даму бұзылыстарынан зардап шегетін кішкентай балаларға көмектесуге арналған. Мұнда сәбилер жаңа медициналық жабдықта білікті медициналық көмек пен оңалту терапиясын алады. Бөлімше 100-ден астам баланы қамтуға есептелген. Орталықта балаларды бақылау мен емдеуді мамандар тобы жүргізеді-бұл невропатологтар, реабилитологтар, емдік дене шынықтыру нұсқаушылары, ортопедтер мен педиатрлар, сондай-ақ педагог-дефектологтар, логопедтер, кәсіптік терапевттер, балалар психологтары. Кездесуде Орталық қызметкерлері өздерін қызықтырған мәселелер көтеріп депутаттарға сұрақтар қойды. Кездесуді қорытындылай келе, Нұрлан Бекназаров балалардың денсаулығын сақтау, сондай — ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау-бұл ерекше бақылаудағы мәселелер екенін атап өтті.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply