Шымкентті салауатты өмір салты қаласы деп атауға болады. Жыл басынан бері біздің спортшылар әлемдік жарыстарда марапаттарға ие болды, қалада көптеген бұқаралық іс-шаралар, чемпионаттар мен халықаралық турнирлер ұйымдастырылды. Қаланы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жоспарына сәйкес сопртты дамыту үшін төрт негізгі бағыт айқындалды. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың санын 2022 жылы 35,9% — ға (396 336 адам) жеткізу жоспарлануда. Қазір бұл көрсеткіш 36,2% — ға орындалды (402 544 адам). Халықтың 1000 адамға спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуін ағымдағы жылы 51% — ға дейін жеткізу жоспарлануда (39 243 шаршы метр). Бүгінгі таңда жоспар 51,2% — ға (39 513 шаршы метр) орындалды, яғни оның асыра орындалуы байқалады. Сонымен қатар, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ мүмкіндігі шектеулі жандарды (1861 адам), жастарды (14-18 жас) спортпен қамту 45 940 адамды құрады, жоспар да асыра орындалды. AMANAT партиясының » өзгерістер жолы: әрбір азаматқа лайықты өмір!»спорт саласына қатысты алты индикатор бекітілді. Осы бағытта бүгінгі таңда қалада 91 спорт секциясы ашылды, онда 3760 бала үнемі спортпен шұғылданады. Бұл жоспар толығымен орындалды. Сегіз нысанда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалған. Атап айтқанда, жоғары спорт шеберлігі мектебі, көркем гимнастика спорт кешені, №12 спорт кешені, №1 спорт мектебі, world class, Royal club, «Касиет», «Мадейра»фитнес-клубтары сияқты спорт кешендерінде жаттығулар өтуде. Ұлттық спорт түрлерімен айналысатын азаматтардың үлесін дене шынықтырумен және спортпен айналысатындардың жалпы санының 3,8 пайызына (15 060) дейін жеткізу жоспарлануда. Қазір бұл спорт түрлерімен 15 322 адам қамтылған, яғни жоспар асыра орындалды.
Қызмет ақпарат
1591 символ
Leave a Reply