Ұстаздық үлкен жауапкершілікті талап ететін іс. Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр, өз ісіне шын берілген, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің ұйытқысы деуге әбден болады. Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім болуы қажет. Сода ғана біз еліміздің болашағы болар жас ұрпақтарды тәрбиелей аламыз. Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Жаңашыл ұстаз -заман талабы. Теориялық білімін тәжірибе жүзінде іске асыра алатын, жауапкершілігі жоғары , ізденімпаз жеке тұлға болуы тиіс. Ең жақсы мұғалім — шәкіртінің жанын түсінетін, оны өз перзентіндей сүйе алатын, оқушы үшін бойындағы барын беретін , барлық білімді жібермей, шәкіртін өздігінен білім алуға жетелейтін мұғалім. Осы орайда қаламыздағы жалпы білім беретін пәндер олимпиадасының РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ қорытындысы бойынша 100 ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ рейтінгісі анықталған болатын. 2022-2023 оқу жылындағы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытында Республикалық жалпы білімдік пәндер олимпиадасының қорытындысы бойынша нәтижесіне сүйене отырып 100 үздік мектеп анықталды. Аталған тізімде Шымкент қаласының бірнеше мектептері де бар. Атап айтсақ:
- «Білім-инновация» ер балаларға арналған №1 лицей-интернаты;
- «Білім-инновация» қыз балаларға арналған №2 лицей-интернаты»;
- Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі;
- Дарынды балаларға арналған мамандандырылған №1 ІТ мектеп-интернаты;
- №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы.
- Титов атындағы №20 мектеп-гимназиясы;
Бұл жетістік – қала педагогтерінің оқушыларға ғылыми жоба жұмысын жасауды үйрету, жеткізу және олимпиадаға дайындау, жоғары кәсіби білім мен біліктілікті талап ететін ерен еңбектерінің нәтижесі.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада, ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңінде ерекше нәтижеге қол жеткізген ұстаздарымызға және оқушыларымызға Алғысымыз шексіз!
Мыңнан тұлпар оздыңыздар!
Сіздердей мықты Ұстаздардан сусындаған оқушылар ғана бәсекеге қабілетті бола алады!
Құтты болсын! Әрқашанда биіктерден көріне беріңіздер!
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply