«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы – Халыққа серпін берді!

Баршамызға белгілі өткен бір жарым жыл ішінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүргізілді. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум, Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы, кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. Мемлекет басшысы бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында нағыз дамыған ел боламыз десек, саяси реформалармен шектеліп қалуға болмайтынына назар аударып, осы жұмысты түбегейлі және жан-жақты әлеуметтік-экономикалық реформаға ұштастыру қажет екенін айтты. Мемлекет басшысы Жолдауда қарастырған негізгі басым бағыттардың бірі  — еліміздіинновациялық жолмен дамыту. Осы мақсатта бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, технопарк, құрастыру бюросы сияқты инновациялық инфрақұрылымдар құруға қатысты жеке бастамаларға сөз жүзінде емес, нақты іспен қолдау көрсететін пәрменді шаралар керектігін атап өтті.  Қазіргі уақытта көптеген елдер экономикалық дамудың инновациялық жолын таңдауда. Өйткені тұтас елдің немесе аймақтың бәсекелестік артықшылығы оның инновациялық белсенділігінде болып отыр. Инновациялық белсенділік тек макро деңгейде ғана емес, микро деңгейде де бәсекелестік артықшылықты қамтамасыз ететін болады. Сәтті енгізілген инновация мемлекет үшін экономиканыдамытуға, елдің экспорттық әлеуетін арттыруға оң ықпал етеді, ал кәсіпорын үшін жоғары табыс әкеледі және өз сегментінде көшбасшы болуға мүмкіндік береді. Дамыған елдердің тәжірибелеріне сәйкес инновациялар негізінен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде пайда болады және іске асырылады. Сондықтанда отандық кәсіпорындар мен жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастықты арттырып, бизнес-инкубатор, коммерцияландыру орталығы, технопарк, құрастыру бюросы сияқты инновациялық инфрақұрылымдарды жоғары оқу орындарының базасында қалыптастыру арқылы жүйелі жұмыстарды күшейту қажет. Бұл қатысушытараптардың барлығы үшін де тиімді болады.

 

Қызмет ақпарат

1796 символ

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика