СИАНЬДА ОҚМПУ-ДІҢ БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ КЕҢІСТІГІ ОРНЫҚТЫ

 

Шымкенттік делегация құрамында Қытайдың Сиань қаласындағы жұмыс сапарымыз бүгін Сиань Цзяо Тун (XJTU) университетінде жалғасын тапты. Қытай Халық Республикасының Білім министрлігіне қарасты бұл жоғары оқу орны осы елдегі ең алғаш құрылған университеттердің қатарында. Шанхайдағы әйгілі Нань Ян колледжінің негізінде 1896 жылы ашылған университет қазіргі күнде ғылым мен озық технологияларға негізделген кешенді зерттеу университеті ретінде кеңінен танымал. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Қытайдың осы іргелі жоғары оқу орнымен серіктес байланысын жолға қойып, бүгін ынтымақтастық меморандумын қабылдады. Жасалған келісімдер аясында қос университет студенттер мен ғылыми-педагогикалық персоналдың өзара алмасуын, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми ынтымақтастықты, бірлескен академиялық және ғылыми-өзденістік іс-шараларын ұйымдастырып, іске асыруды, оқу материалдары мен ғылыми жарияланымдар санаты бойынша ықпалдастықты арттыру міндеттерін жүзеге асыратын болады. Қол жеткізген келісімдер білімде шекара болмайтынын тағы бір дәлелдеп, ғылым мен білімге жасалған қадам өркениетке бастайтынын аңғартады. Мемлекет басшысы білім мен ғылым саласында озық тәжірибелерді игерудің маңыздылығын айтты. Жоғары білімнің сапасын үздіксіз жетілдіру, оны заман ағымына сай бейімдеу, бәсекеге қабілеттілікті арттыруда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті шет елдік жоғары оқу орындарымен ықпалдастық байланыстарды арттыруда. Еліміздің үшінші ірі орталығы – Шымкент қаласының Қытайдың Сиань қаласымен бауырластық байланыстарын жолға қою міндеттері шеңберінде ОҚМПУ Қытайдағы іргелі жоғары оқу орындары – Сиань шетел тілдері университетімен және Сиань Цзяо Тун университетімен өзара ынтымақтастық келісімдерінің қабылдануына қол жеткізді. Қабылданған құжаттар жоғары оқу орындары арасында ғылым мен білім жетістіктерінің тәжірибелерімен бөлісуге, ғылыми ынтымақтастықты жолға қоюға, бірлескен академиялық және ғылыми-ізденістік іс-шараларын ұйымдастыруға, ғылыми жарияланымдар бойынша ықпалдастықты арттыруға, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар контингенті арасында академиялық алмасулар жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қызмет ақпарат

1986 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика