Шымкент туризмінен қала бюджетіне 14 млрд теңден астам табыс кіріп тұр …

Шымкент қаласы мен Түркістан облысының туристері бір-біріне өте жақын, ал қала мен облыстағы туристік нысандар екеуіне де ортақ дүние болғандықтан басқарма аталған өңірмен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жүргізуде. Сондықтан Сарыағаш секілді бүкіл елге танымал шипажайлар жарнамасы Шымкентте де жасала береді. Ресми дерек бойынша бір турист Шымкентте 35 мың теңге жаратады. Сонда жоғарыда айтылған 6 айлық көрсеткіш бойынша Шымкентке келген 214 мың туристер санын 35 мың теңгеге көбейтсек, 7,4 млрд теңге шығады. Туристер ең кемі қалада 1 күннен 5 күнге дейін саяхаттайды. Сонда орта есеппен 2 күнді алсақ, жарты жылда қала экономикасына 14 млрд теңгеден астам табыс кіріп тұр. Ол тікелей бюджетті толтырмаса да осы салада қызмет көрсетіп жатқан қонақүй, такси, ойын-сауық орталықтары секілді кәсіпкерлік нысандардың пайдасына кенелді. Дей тұрғанмен олардан алынатын салық есебінде бюджеттің де бүйірі томпаятыны анық. Сонымен бірге бүгінгі таңда туризм саласында 30 мыңға жуық адам еңбек етіп, нәпақасын тауып жүр. Маркетингті қолға алу аясында оқи­ғалы туризм де өркендейді. Шымкентті көп­шілік бір жағынан басқа өңірлермен салыстырғанда тамағының арзандау әрі дәмді екенімен көбірек таниды. Мегаполис гастрономиясын насихаттау мақ­сатында осы жылы тұңғыш рет наурыз «Дәмдәстүр» атты ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. Осы іс-шара аясында қала­дағы барлық белгілі дәмханалар мен желілік тамақтану орталықтары өздерінің өнімдерін келушілер назарына ұсынды. Сол кезде «Дәмдәстүрден» дәм ауыз тию­ге қаланың 20 мыңға жуық халқы жиналды. Оқиғалы туризм деп міне, осындай іс-шараларды айтады. Осылайша, ел тұрғындары арасында Шымкент – республиканың гастрономиялық орталығы деген ұғым қалыптасса, екінші жағынан бұл да жергілікті бизнес үшін үлкен қолдау болып саналады. Ендігі ретте «Дәмдәстүр» жылда ұйымдастырылатын мерекелік дәстүрлі іс-шара айналмақ. Сонымен бірге өткен жылы жастар арасында республика бойынша алғаш рет мобилография фестивалі өткізілді. Мұнда да көзделген жалғыз мақсат біреу ғана – туристік саланы дамыту үшін оның іргетасы болар маркетингті ілгеріле­ту. Мобилография дегеніміз әдемі видео түсі­­ріп, әлеуметтік желіде жариялауды айта­ды. Осы кәсіпті меңгерген жас өзіне қо­сымша жұмыс тапса, екіншіден қала­ның кө­рікті жерлерін телефон камерасы­ның объек­тивіне іліндіреді. Фестивальды ұйым­дас­тырудағы екінші мақсаттың бірі міне, осы болды. Сол іс-шараға ша­қырылған 17 өңірдің 14-інен жастар келіп қатысып кетті. Сол қатысқан жастардың 70 пайызға жуығы – Шымкент қаласына бірінші мәрте келгендер. Бас жүлдеге Iphone 13 Pro Max ұялы байланыс телефоны қойылды. Айта кету керек, бұл фестивальда ешкім жүлдесіз қалған жоқ. Орын алмағандардың өзіне іс-шараға қа­тысқаны туралы арнайы сертификат берілді. Фестиваль қала тұрғындарына ерекше ұнады. Тіпті респуб­лика көлемінде танылып, екі айдан соң дәл осындай байқауды Алматы қаласы да өткізді. Бүгінгі таңда белгілі продюсер Нұрлан Қоянбаев Шымкенттен бастау алған бұл бастаманы іліп әкетіп, өзінің қоры арқылы республика бойынша фестивальды ұйымдастырып жатыр. Дегенмен биылғы екінші іс-шара алдағы уақытта Шымкент қаласында Нұрлан Қоянбаевтың қатысуымен тағы да өткізіледі.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика