ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ: ТҰРАНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Білімді, саналы, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.  «Өмірдің бір қызығы – бала деген». Бұл әрбір жанның жүрек түкпірінде, көңіл қалтарысында жүретін өмірлік қағида кілті. Себебі адам өмірінің мәні мен сәні де – бала. Бала – отбасының мызғымас тірегі, ертеңге деген сенімінің кепілі. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген Мемлекет басшысы «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Ал бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті, ұлттың жалғасы.  Шымкент қаласында 950-ден астам білім ұясы бар. Онда білім алатын оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануда түрлі үйірмелер мен спорттық секциялар жұмыс істейді. Жуырда ғана ашылған жаңа Оқушылар сарайы шәкірттерді қабылдап, 6 бағыт бойынша үйірмелер жұмысын бастап кетті. Шаһарда оқушылардың саламатты өмір салтын ұстанып, білімі мен шығармашылығын шыңдайтын тағы бір Оқушылар сарайының құрылысы сәуірді басталған болатын. Жалпы сыйымдылығы 500 орынды құрайтын  нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Ғимарат Тұран шағынауданында бой көтерді. Жаңа Оқушылар сарайы 3 қабаттан, 3 блоктан тұрады. Мұнда 7-18 жас аралығындағы оқушылар өз қарым-қабілетіне қарай үйірмелерге жазыла алады.  Жаңа нысанның жобасында  35 орынға арналған асхана және 81 көлікке көлік тұрағы қарастырылған. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 10 пайызға жуықғы орындалды. Нысанның құрылысын 2024 жылы аяқтап, пайдалануға тапсыру жоспарлануда.

 

Қызмет ақпарат

1516 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика