Балаңыз күнделікті шығындарға деп берген ақшаны дұрыс жұмсай ала ма? Қажеттілік пен қалау принциптерін үйреттіңіз бе? Әлде қалағанымды алып бер деп әлі күнге қиғылық сала ма?
Қазір көптеген ата-ана балаларының қаржылық сауаттылығын арттыруға тырысып бағуда. Қаржылық біліктілікке баулуды неғұрлым ерте бастаудың пайдасы көп екенін жиі ойлай бастадық. Себебі өзіміз де мұндай ситуациялармен талай рет бетпе-бет келдік.
Болашаққа қор жинау, қаржыны жоспарлау, өзінің кірістері мен шығыстарын талдай алу, қаржы операцияларын онлайн жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау – осының бәрі балаларымыздың ертеңгі өмірінде қажет болатын дағдылар.
Осы орайда, біз баланың қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған пайдалы кітаптарды ұсынамыз. Бұл оқу құралдары жеңіл тілімен, қызықты ойындарымен және бейнелеуіш суреттерімен балаңызды бірден баурап алады.
• «Балаға ақшаны қалай таныстырамыз?» (Түпнұсқа атауы: «Как рассказать детям о деньгах»)
Авторлары: Сергей Биденко және Ирина Золотаревич
Leave a Reply