Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде қоғам және мемлекет қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековке арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға еңбек ардагерлері мен қайраткердің замандастары қатысты. Басқосуды оқу ордасының басқарма төрағасы-ректор Гүлжан Сүгірбаева жүргізді. «Биыл ұлт қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 92 жыл толып отыр. Кемеңгерлік келбеті ұлт жадында мәңгі сақталған тұлға қазақ халқының мәдениетін, ана тілін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын дамытуға өлшеусіз үлес қосты. Өзбекәлі Жәнібековтың арқасында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі ұлтымызбен қайта қауышты, Қожа Ахмет Ясауи және онан өзге де тарихи ескерткіштерді қайта жаңғырту жұмысы қолға алынды. Тарихи жәдігеріміз Тайқазан Эрмитаждан әкелініп, кесенеден өз орнын тапты. Ұлт қайраткерінің бастамасымен қазақ музыка аспаптарының ұлттық мұражайы құрылды. Бұл Өзбекәлі Жәнібеков еңбектерінің бір парасы ғана», — деді Гүлжан Дәулетбекқызы. Дөңгелек үстелге қатысқан зиялы қауым өкілдері мен еңбек ардагерлері, Өзбекәлі Жәнібековпен қызметтес болған азаматтар оның өзіндік болмысы, дара келбеті мен іскерлігі туралы естеліктер айтты. «Оның атқарған жұмысы өз алдына, жүріс-тұрысы мен киім киісінің өзінен-ақ қарапайымдылық лебі есіп тұратын. Лауазымды қызметіне қарамай ол бос уақытында қолөнермен айналысқанды қалайтын», — деді олар. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар Өзбекәлі Жәнібековтың өмірі мен қызметін жастарға жан-жақты танытуды мақсат етіп отыр. Осы мақсатта арнайы байқаулар, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыруды, «Жәнібеков оқулары» сияқты бірқатар іс-шаралар өткізуді жоспарлауда. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін қабылдануы керек нақты шараларды атап көрсетті. Елімізді ғана емес, бүкіл әлемді жайлаған коронавирус індеті ел экономикасына өз зиянын тигізбей қоймады. Сондықтан да болар, Президент шағын және орта бизнеске берілетін барлық несиелер бойынша 6 пайызға дейінгі мөлшерлемені мемлекеттік субсидиялауды тапсырды. Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайға қатысты үкіметке жұмыс берушілерді жалақы қорын көбейтуге ынталандыру мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырды. Болашақта оң шешімін тауып орындалса, мұның халық үшін жағымды жаңалықтардың бірі болары анық. Себебі, меценат ретінде халық тұрмысымен етене жақын жандардың бірімін. Ел экономикасының дамуы қашанда қарапайым тұрғындардың әл-ауқатының өсуінен көрінеді. Ал тұрғындардың әлеуеті ең әуелі олардың табыс көлемінің артуына байланысты екені анық. Жолдау жүктеген міндетке сай алдағы уақытта бұл мәселе де біржақты болуы тиіс. Президент Жолдауы шеңберінде алда атқарылар жұмыс көп, ол бойынша іс-шаралар жоспары жасалатыны да заңды. Мемлекетіміздің бүгінгі және алдағы уақытта атқаруға тиісті іс-әрекетіне бағдар ретінде ерекше ықыласпен қабылдаған Жолдауды мұқият тыңдап, ой елегінен өткіздім. Мен Жолдауда көрсетілген шараларды толығымен қолдаймын!
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply