Шымкент қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев БАҚ өкілдеріне сайлау барысын баяндады.
— Бүгін елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Шымкентте сайлау республиканың өзге өңірлеріндегідей заң талаптарына сай, таңғы сағат 7-де басталды. Алайда қаладағы 330 сайлау учаскесінің екеуі әскери бөлім. Олардың ерекшелігі сол, сайлау бір сағат ерте, таңғы сағат 6.00-де басталды. Сонымен қатар, сайлау учаскелерінің жұмысын тек аккредитациядан өткен байқаушылар мен кандидаттардың сенімді өкілдері бақылай алады. Біз 3 қоғамдық ұйым мен партиялардың байқаушыларын тіркеуден өткіздік. Олар байқаушы куәлігін көрсетуі тиіс. Сенімді өкілдер де куәлігін көрсетіп, байқаушылармен бірдей қатыса алады. Яғни, құқығы тең. Байқаушылар мен сенімді өкілдерге ешқандай кедергі жасалып жатқан жоқ,- деді Қ.Құнанбаев.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 330 сайлау учаскесінде 639 663 сайлаушы тіркелген.
«Шымкент келбеті»
Leave a Reply