Шымкент спортшылары елімізде, әлемде болатын додаларда жоғары жетістікке жетуде дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оның ішінде, 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензияларды жеңіп алуда дайындық жұмыстары қарқын алған. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапында 1111 спортшы және Шымкент қаласынының құрама командасы сапында 3813 спортшы техника-тактикалық дайындықтан оқу-жаттығу жиындарында жаттығуда. Оның ішінде, 2023 жылдың қыркүйек айында өтетін ХІХ Азия Ойындарына 55 спортшы қатысады. Шымкент спортшылары әлемдік деңгейдегі жарыстарда қаланың абыройын асқақатып жүр. Күні кеше Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алтынды қанжығасына байлады. Бүгінгі таңда, қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 316 алтын, 268 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды. Ал жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 17 алтын, 18 күміс және 17 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1 алтын, 1 қола медальге ие болды. «Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Халықаралық дәрежеде кез келген елдің екі жағдайда туы көтеріліп, Әнұраны шырқалады. Оның бірі Мемлекет басшысы өзге елге ресми сапармен барғанда, екіншісі спорттық жарыстарда спортшысы жеңіске жеткенде. Демек, жоғарыдағыдай құрмет тәуелсіз ел екеніңді мойындағанда, сосын мықтылығыңды дәлелдегенде ғана көрсетіледі. Демек, осының екеуі де маңызды. Президенттерге көрсетілетін мемлекеттік дәрежедегі сый-құрметтің жөні белгілі, ал спортшылардың ел мерейін асқақтатуы – күллі әлемнің көз алдында өтіп, тікелей танылатын ерекше құбылыс.
Қызмет ақпарат
1665 символ
Leave a Reply