Балалар қауіпсіздігі – басты назарда
Білместік бүлдіршінге ғана тән
Президент 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгіледі. Бастысы балаларымыздың бақытты, қауіпсіз өмірін қамтамасыз ету біздің, яғни үлкендердің міндеті. Ең қиыны, балаларымыз түрлі төтенше жағдайлардан зардап шігіп жатыр. Бұған соңғы статистикалық мәліметтерде дәлел болады.
Оқыс оқиғаның бірі жуырда Шымкент қаласындағы №4 шағын ауданында орын алды. Құрылысы бітпеген ғимараттың ішінде отпен ойнаған балалар қатты түтіннің салдарына сыртқа шыға алмай қалған. «112» құтқару қызметіне хабарласып, дер кезінде жеткен өрт сөндірушілер оларды тілсіз жаудан құтқарып қалды.
Мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Өкінішке қарай, барлығы қуанышпен аяқтала бермейді… Қазір балалар жазғы демалысқа шықты, яғни олардың бос уақыттары көбірек болады. Осы уақытта ата-аналар балаларға аса мұқият болу қажет. Үнемі қадағалап, қауіпсіздік ережелерін күнделікті ескертіп отыруы шарт.
Сондай-ақ, балалар үшін ең қызықты шомылу маусымы басталады. Бұл кезде қауіпсіздік тшараларды екі есе арттыру керекпіз. Балалар су айдындарына немесе бассейндерге барғанда ата-аналар көзден таса қылмай, бақылауы тиіс. Соынмен қатар, жоғары қабатты үйлердегі пәтер терезелері балалар үшін ең қауіпті болып тұр. Мүмкіндішінше терезеге темір тор орнатып, бала өрмелейтін үстел, орындықтарды терезе маңына қоймауды сұраймыз. Балаларымыздың қауіпті жерде ойнамауын үнемі бақылап отыруымыз керек. Шымкент қаласы Бозарық шағын ауданында бір үйдің үш бірдей баласы жеңіл автокөліктің жүксалғышында ойнап, ол жабылып қалып, қаза тапты. Бұл орын толмас қайғы. Барлық ата-ана осындай қайғылы оқиғадан сабақ алса екен… Осындай жағдайдың болдырмау үшін ата-ана біз мұқият болайық! Балаңыз қайда, уақытын қалай өткізіп жүр, қауіпсіздік ережелерін біле ма?! Осы сұрақтар үнемі ойдан шығармай, балаға бақылауды күшейткеніміз дұрыс.
М. ЖАҚСЫБАЕВ,
Шымкент қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі.
Leave a Reply