Қай кезеңде де қай елде болмасын мәдениет пен өнер – халықтың рухани болмысының айнасы, бағдарлы болашағының бастауы. Мәдениеттің өсуі – елдің өсуі, ұлттың өсуі. Тәуелсіздігіне тәубе етіп, Мәңгілік Ел болуды мұрат тұтқан халқымыздың рухани бай дүниесінің өлшемі мен өресі де осы мәдениет пен өнер шоқтығында жатыр. Өркениетке қол созған еліміз үшін экономикалық өсіммен қатар елдің рухани бай құндылықтарын да дамыту мәселесі қолға алынды. Заманауи жабдықталған мәдениет ошақтары салынып, ел игілігіне берілді, түрлі бағдарлама негізінде елдің мәдени білімін тереңдету, ең бастысы ел дамуы үшін мәдениеттің де озық деңгейде дамуы қарастырылды. Өнер мен мәдениет егіз ұғым. Бір-бірінсіз жетімсіреп тұратындай. Мәдениеттің мәйегі өнер арқылы дәріптеліп, халықтың құлағына жетіп жатады. Осы орайда, төскейінде берекенің қазаны қайнаған, босағасына бақ пен береке ұялаған, ақындық пен жыраулықтың ақ бесігі саналған қасиетті Қармақшы жерінде де мәдениет пен өнерді дамыту саласында атқарылып жатқан игі істер – ұлттық дәстүрді дамыту, өнер мен мәдениеттің өмірмен өзектестігін бағамдау, өнерді өнеге тұтқан елдің рухани дүниесін байыту мақсаттарын көздейді. Осы орайда Шымкентте «Шымқала» тарихи мәдени кешенінде самауырындар коллекциясының көрмесі өткен болатын. Көрмеге ХІХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі пайдаланылған самаурындар, шоқ самаурыны, тіпті керосинмен қайнайтын түріде қойылған. Тарихи кезеңіне сәйкес самаурындар жез, мыстан, түрлі материалдан дайындалған. Оттығын түтін мүжіген бұл самаурындар берекенің, бірліктің көзіндей боп бізге жеткен. Шығыс халқына тән самаурындар – құман самаурындар. Бұлар орта ғасырдан бастап жасалған деген деректер бар. Құман-самаурынға қарап, самаурындардың әр елде әр формада болғанын байқауға болады. Берекелі өмірді салсерілік дәстүрлі көрмеде сопақ, банка тәрізді, үлкені де, кішісі де, барлық түрі бар. Естеріңізге салсақ 2003-2020 жылдар аралығындағы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Ескі қалашықты ашық аспан астындағы музейлендіру жұмыстары жүргізіліп, 2021 жылы 1-ші мамырда «Шым қала» тарихи –мәдени кешені» деп аталып, келушілерге есігін ашқан болатын.
Қызмет ақпарат
1920 символ
Leave a Reply