Шымкентте «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты әдеби кеш өтті.

Балаларға қызмет көрсететін қалалық кітапханалардағы кітап қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша отандық, шетелдік ақын-жазушылардың әдебиеттерімен толықтырылады. Оның басым бөлігі көркем әдебиеттер болса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға оқырман сұранысына орай танымдық кітаптар алынады. Дегенмен кітапхана қорында шет елдік баспа кітаптары көп болып шықты. Кітапхана 14 жасқа дейінгі балаларға арналған, дегенмен одан жоғарыларға да кітаптар табылады. Қала аумағында 14 бөлімшесі бар. Кітапхана маңындағы мектеп оқушылары орталыққа кітап іздеп қана қоймай түрлі іс-шараларға қызыға келеді. Кітапханада оқу үрдісін жаңғырту, жастарды қызықтыру мақсатында «Айна», «Жақсы адам мен жарты сағат», «Кел сырласайық қыздар» клубтары жұмыс істейді.

– «Жаста берген тәрбие жас қайыңды игенмен тең». Балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың рухани дүниесін байытуға атсалысып, дүниетанымын кеңейтудің маңызы зор. Біздің кітапханалар жүйемізде «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» атты арнайы жоба түзілген. Жоба аясында балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі іс-шаралар өтеді. Сонымен қатар, бұл іс-шаралар балалардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлі бағытта ұйымдастырылады. Мәселен театрландырылған қойылымдар, рөльдік және әдеби ойындар, мәнерлеп оқу, байқаулар, интеллектуалдық ойындар, викториналық сайыстар түрінде. «Ертегімен есейемін» жобасы да жемісті болды. Отбасылық кітапхананың ерекшелігі, балалардың зейінін кітап оқуға бұру үшін арнайы тәртіп қарастырылған. Оқырман келгенде телефонын арнайы ұяшыққа қалдырады. Әжелер немерелерімен келіп, ертегі оқып кетеді. Осылайша бала біршама уақытын смартфонсыз өткізеді. Ал, кітапханашылардың жас оқырман үшін барын салып, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруға жұмсаған күш-жігерлері кітапханаға деген сұраныстың артпаса, кемімегенін көрсетеді, – дейді Шымкент қаласының орталықтандырылған балалар кітапханалар жүйесінің директоры Жанар Сауғамбаева. Жақында кітапхана бөлімшелерінде «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» атты әдеби кеш өтті. Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ұйымдастырылған кеште ағартушы, ақын, философ Шәкәрімнің өлеңдері оқылып, шығармаларына шолу жасалды. Шәкәрім – қазақ әдебиетінің классигі, кемеңгер, ойшыл, гуманист. Қазақ халқының көркемдік ойының үздік үлгілерін туғызған, қазақ өлеңін түрлендіре түскен кемеңгер. Іс-шарада Шәкәрімнің өмір жолы мен шығармашылығы туралы тың деректер айтылды. Оқырмандар ақынның адалдық негіздеріне жазылған қанатты сөздері мен «Қазақ айнасы» атты өлеңдер жинағы кітабынан өлеңдер оқып, «Шәкәрім шыңы» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Осы сияқты Астана күні, Домбыра күні секілді мерекелер кітапханада атаусыз қалмайды.

– Кітапхана ұжымы үнемі ізденісте жүреді. Ұжым болып жаңа бағдарламалар мен техникаларды меңгеріп, алға ұмтылады. Әсіресе жабдықтау бөлімінің мамандары мақтауға лайық. Барлық кітапты жатқа білеміз десек те болады. Кейде балалар кітапхана қорында жоқ кітаптарды сұрайды. Қазір балалар талғампаз. Мысалы бүгін бірнеше кітаптар тізімін жабдықтау бөліміне тапсырдым. Олардың ішінде Харуки Муракамидің бірнеше кітабы, Михаил Лабковский, Ханья Янагихара секілді авторлар бар. Келешекте бұл авторлар да біздің сөрелерден табылып қалады деп сенеміз. Біздің мақсатымыз кітапханаға жазылған әр оқырман қайта айналып соқса, әр оқыған кітабынан бір ой түйсе, – дейді кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Наталья Перевалова.

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика