Жүйедегі жаңалық
Балабақшаларды лицензиялау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі тарапынан балабақшаларды лицензиялау мәселесі бойынша толық ақпараттар әлеуметтік желілерде түсіндірілді.
Лицензиялау мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі ұйымдардың дамуына жағдай жасайды. Лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек. Мұндағы талаптар балабақшадағы жасалған жағдайдың сапасы, кадрларды іріктеу, бейнекамералар орнату, санитарлық және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау туралы болып отыр.
Сондай-ақ, лицензиялаудың басталуы 2024 жылға жоспарланып отыр. Бұл дегеніміз, мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт беріледі.
Балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Одан соң қайта мемлекеттік аттестаттаудан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар, содан кейін барлық жұмыс істеп тұрған ұйымдар лицензияланады.
Балабақшаларды лицензиялау 2011 жылы тоқтатылған болатын. Ол кезде бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні балабақшамен 100 пайызға дейін қамтуға қол жеткіздік.
Шымкент қаласы бойынша 577 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасайды, оның 72-і мемлекеттік және 505-і жекеменшік. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамту — 88,3пайыз, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту – 100 пайызды құрап отыр. Енді сапа мәселесін бірінші орынға қою қажеттігі туындады. Сондықтан, балабақшалар жұмысын талапқа сай, сапалы жүргізуге жұмыс жасау керек, ал сәйкессіздіктері болса, оларды жою қажет. Балабақшаларды лицензиялау бойынша ақпараттық коммуникациялық орталықта Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева БАҚ өкілдерімен кездесті. Брифинг барысында балабақшаларды лицензиялау бойынша Жанат Арысбекқызы мен Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Шамшиева Нұргүл Ақылбекқызы ауқымды әңгіме жүргізді.
Олар балабақшаларды лицензиялау кезең-кезеңімен жүргізілетінін және оны енгізу 2024 жылға жоспарланғанын атап өтті. Яғни, бұл мектепке дейінгі ұйымдарға жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіру үшін уақыт берілетінін білдіреді. Сонымен қатар, басқарма басшысы лицензия алу үшін балабақшалар ең төменгі біліктілік талаптарына сай болуы керек екендігін баса айтты.
«Бүгінгі таңда мектепке дейінгі ұйымдарды ашуға бірыңғай талаптар жоқ. Балабақша ашқанда қандай жағдай жасалғанын, кімді жұмысқа алады, материалдық-техникалық жабдықталуы қандай екенін ешкім тексермейді. Кейбір жекеменшік балабақшалар тіпті ашылғаны туралы да хабарламайды. Балабақшаларды лицензиялау 2011 жылы тоқтатылған болатын. Ол кезде бұл балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды арттыруға мүмкіндік берді-деді Жанат Арысбеқызы
Сондай -ақ, Бас ұстаз бүгінгі күні біз балабақшамен 100 пайызға дейін қамтуға қол жеткіздік. Бүгінде елімізде 11 мыңға жуық мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, оның 5 мыңнан астамы жекеменшік. Енді біз сапа мәселесін бірінші орынға қойып отырмыз. Ешкім балабақша санын қысқартуды мақсат етіп отырған жоқ. Басқармаға ата-аналардан арыз-шағымдар түсіп жатыр. Егер балабақшаның жұмысы талапқа сай болса, онда ол еш қиындықсыз лицензия алады. Ал егер сәйкессіздіктер болса, оларды жою қажет. Міне бар-жоғы осы. Министрлік 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен лицензиялауды енгізеді. Балабақшадағы жұмысы сапалы жүріп жатқан кәсіпкерлерге қорқатын ештеңе жоқ. Қалыпты, талапқа сай жұмыс істеп жүрген балабақшалар лицензиялаудан қорықпайтынын ерекше атап өткім келеді. Рәсім толығымен автоматтандырылып, тұрақты түрде жұмыс істейді», 2024 жылдан бастап, Бірінші кезеңде енді ашылып жатқан мектепке дейінгі ұйымдар лицензия алады. Бұл жылына шамамен 200-дей балабақша.
Келесі кезеңде – қайта мемлекеттік аттестациядан өте алмаған мектепке дейінгі ұйымдар (жылына 10-15 балабақша). Содан кейін тәуекелді бағалау дәрежесіне байланысты қалған барлық жұмыс істеп тұрған балабақшалар өтетіндігін жеткізді.
П.БЕКТАЕВА,
Шымкент қаласының білім басқармасының
Мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы.
«Халық қатысатын бюджеттің» берері мол
Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған «Халық қатысатын бюджет» жобасының үлесі жыл сайын артып келеді. Мәселен Әл-Фараби ауданында 2021 жылмен салыстырғанда 2022 жылы халық қатысатын бюджет үлесі 4 есеге артқан.
Ауданда былтыр 14 үйдің ауласы абаттандырылса, биыл 59 жобаға қаржы бөлінді. 50 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 9 ашық спорт алаңшасы салынбақ. Бұл жұмыстар тұрғындар дауыс беруі арқылы атқарылып жатыр.
Келесі жылы 32 балалар ойын алаңшасы орнатылып, 7 ашық спорт алаңшасы салынса, 100 пайыздық меже орындалады.
Айта кетейік, жоба аясында аумақ көгалдандырылады. Тротуарлар салынып, пандустар қойылады. Арықтар жүргізіліп, жөндеу, қоқыс тастайтын орындар реттеледі. Тұрғындар ортақ пайдаланатын орындар ұйымдастырылады. Ауда жарықтандырылып, ойын және жаттығу алаңдарында жабдықтар орнатылады.
Ана мен бала саулығы– басты назарда
Жуырда жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ана мен бала денсаулығы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Арнайы сала мамандарының қатысуымен күйзеліске түскен аналармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық, әлеуметтік, медициналық көмектер көрсетуді мақсат еткен шара өз деңгейінде өтті.
Сала мамандары TOO «QAMQOR» қалалық емханасының СОЖ дәрігері Назым Сайлау және социолог Аяна Тултаева «Ана үйі» қоғамдық қорының қамқорлығындағы жас аналар мен балаларға медициналық және әлеуметтік көмек көрсетті. Дәрігерлер ана мен баланың денсаулықтарын тексеріп тиісті емдік дәрілер тізімін жазып берді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсету жолдарына бағыт-бағдар берді.
«OI-ZEREK» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ
Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының “OI-ZEREK” интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Үш кезеңнен тұратын ойында кіл мықтылар анықталды. Іс-шараға Политехникалық колледждің студенттері мен «ASAA» волонтерлары қатысты.
Жобаның мақсаты жастардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Соынмен қатар, ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту. Ойынның тәрбиелік мәні де жоғары. Жастарды ұйымшылдыққа, әлем жаңалықтарына қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеуге өз үлесін қосары сөзсіз.
«STOP BULLYING»
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ерікті жастарға семинар-тренинг өтті.
Бүгінде жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылыққа тһзе алмай, девиантты мінез-құлық танытып жатады. Тіпті өз-өзіне қол жұмсау да көбейді. Осындай өкінішті жағдайлардың алдын алу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыруды үйретететін семинар-тренингке көптеген жас қатысты.
Жалпы, кибербуллинг дегеніміз — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Осы сынды мәселелер тренинг барысында жастарға толыққанды айтылып, кибербуллингтің құрбаны болудан аулақ болуға шақырды.
ЖАС АҚЫНМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ
Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас ақынмен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты — жас ақындарды таныстыру, жастардың өнерге, мәдениетке, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Кездесудің басты кейіпкері жас актер, ақын Мұқағали Әбдішәріп. Сұхбат барысында жастарға өзінің өнер жолындағы жүріп өткен жолдырын баяндап берді. Өз өлеңдерін оқып, кинодағы шеберлігін сөз етті. Сонымен қатар жастарға патриоттық өлеңдерімен жігер беріп, ақындық өнерге қызығушылығы бар жастарға ештеңеден қорықпай алға қарай ұмтылып, арман жолында тек сәттілік тіледі.
Leave a Reply