Балалар қауіпсіздігі құтқарушылар назарында

Балаға қандай қауіп төнуі мүмкін?
• Ұсақ заттар (түймелер, дәрілер мен кішкене шарлар, қайшылар, пышақтар, шанышқылар, тоқыма біздер, инелер, түйреуіштер, шегелер, шаш түйреуіштер, ұшталған қарындаштар, қаламдар) баланың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.
• Еденге жақын шкафтардың есіктері кілтпен жабылуы немесе бала оларды аша алмайтындай етіп байлануы керек.
• Өткір бұрыштар қалың жұмсақ маталармен, кілемшелермен немесе жастықтармен жабылуы керек. Тамақтандыру кезінде сынғыш шыны заттар пайдаланылмауы тиіс.
• Электр құралдары мен резеткелер кішкентай балаларды аса қызықтырады. Тіпті электрезеткелер биікте орналасқан дегеннің өзінде, оларға міндетті түрде «бітеуіштер» қою немесе оларды лейкопластырмен желімдеу керек.
Ата-аналарға берер кеңесіміз, еңбектей отырып бүкіл пәтеріңізді «жат планеталық тұрғысынан», яғни заттардың тағайындалуы белгісіз тіршілік иесі ретінде мұқият қарап шығыңыз (бұл қауіпсіздіктің бірінші деңгейі болады). Осы кішігірім, алайда маңызды зерттеу барысында өзіңіз үшін таныс және айқын заттар сіздің балаңызға белгісіз және түсініксіз екенін естен шығармаңыз. Егер белгілі бір жерде балаға қауіп төнудің болмашы мүмкіндігі бар болса, оны қауіпсіздендіруге тырысыңыз.
Жылыту құралдарына, ашық от бар жерлерге, тамақ дайындалатын жерлерге, сондай-ақ сіріңке, тұтандырғыш, тез тұтанатын сұйықтықтар, шырақтар сияқты заттарға ерекше назар аудару қажет.
Үстелдің шетіне ешқашан ыстық сұйықтығы бар кастрюльдер немесе шәйнектер қоймаңыз және дастархандарды уақытша болсын алып тастаған жөн, себебі бала оның шеттерінен тартып үстелде тұрған заттарды өзіне аударып алуы мүмкін. Еске салатын жайт, күйіп қалу — балалар өлімінің жиі себептерінің бірі болып табылады.

 

Өрттен аман алып қалды
Ана мен баланың өмірін сақтау бүгінгі күннің басты талабы. Ана құрсаына сәби біткеннен күннен астап дәрігерлер ерекше бақылауға алып, ананың да, баланың да саулығына жауапты. Ана мен баланың қауіпсіздігі де назардан тыс қалған емес. Жуырда шымкенттік құтқаушылар өрт ішінен ана мен баланы аман алып шықты.

Пеште қараусыз қалдырған ас үлкен қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Өйткені өрттің үлкен кішісі болмайды, ол-әрдайым қауіпті. Осындай жағдайлардың бірі №17 шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінде орын алды. Пәтерден түтін шығып жатыр деген хабарлама түсе сала оқиға орнына тез арада жеткен өрт сөндірушілер пәтердің есігі жабық тұрғандығын анықтайды. Тездетіп саты арқылы 3-ші қабаттаға пәтерге терезе арқылы кіріп, түтінге толған бөлмелердің ішінен анасы мен баласын тауып, қауіпсіз аймаққа алып шығады. Осылайша үлкен қауіпті болдырмады.
Баласы мен жұбайының өмірін дер кезінде құтқарып, өрттің алдын алған өрт сөндірушілерге пәтер иесі өз алғысын білдіріп, ТЖД бастығының атына хат жазды. Хатта: «7.08.2022 жылы 14.48 шамасында көршілер 3 қабаттағы пәтердің терезесінен түтін шығып жатқанын байқап өрт сөндірушілерге хабарласады. Олар тез арада келіп тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығарып, ал пәтердің есігі жабық болғандықтан терезе арқылы кіріп ішінен балам мен жұбайымды түтінге толған үйден алып шықты. Өрт сөндірушілерге үлкен алғысымды білдіремін. Өрттің алдын алды. Олар болмағанда отбасымнан айырылып қалар едім. Үлкен рахмет! Осыған орай олардың осындай кәсіби әрекет етіп, адам өмірін құтқарып, батылдық танытқаны үшін марапаттауыңызды сұранамын»,-делінген. Өжет өрт сөндірушілер үшін құтқарылған жандардың алғысынан артық марапат жоқ. Өмірлерін тәуекелге тігіп, түрлі төтенше жағдайдан адам өмірін құтқарып, қанша шаршап шалдықса да сол кезде айтылған алғыстан кейін барлығын ұмытып, өз қызметін одан да жақсы атқару үшін құлшыныс алады. Міне оларды марқайтып, дем беретін күш те осы болар.
Ал біз өз кезегімізде құрметті қала тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз! Тіпті пеште қалған астан шыққан түтіннің салдарынан адам тұншығып, өлімге алып келуі мүмкін. Сондай-ақ ол үлкен өртке ұласуы ықтимал. Сондықтан да өте мұқият болыңыздар!

 

Т. ШАЛДАРБЕКОВ,
Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі.
Бүлдіршін бақылаусыз қалмасын
Жаз айының соңғы айы болса да, су жағасында демалушылар әлі де толартар емес. Демалыс болғандықтан, бәрі балалармен бірге барады. Осы тұста біз қауіпсіздік ережесін тағы бір түсіндріп өткіміз келеді.

— тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
— жүзе білмесеңіздер белдеріңізден жоғары келетін суға түспеңіздер;
— шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
— жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
— бөгеттен, қайықтан, көпірден суға секірмеңіздер;
— суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
— түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
— су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар оларды бақылаңыздар.
— суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.
Және бір ескерте кетер жайт шомылу маусымы кезінде балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тыйым салынады, өйткені оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге қиындық туғызады. Балалардың да ең алдымен ішкі үрейі жағалаудан алыстауынан туындап жатады. Сондықтан суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда сізге және сіздің жақындарыңызға су жағасындағы демалыс пайдалы және жағымды болады. Және естеріңізде болсын! Егер Сіз қауіпті жағдайдың куәгері болсаңыз, «112» құтқару қызметінің біріңғай ақысыз телефон нөміріне тез арада хабарласыңыздар!
Балаға көбірек көңіл бөліп, қауіпсіз жерде шомылуға кеңес береміз. Әйтпесе қызықтың соңы өкінішпен аяқталуы әбден мүмкін.
7 тамыз күні Бадам өзенінде 2011 жылы туған қыз бала абайсызда өзен үстіндегі құбырдан құлап, суға батып кеткен. Ол жүзе білмеген. Оқиға орнына келген құтқарушылар бірнеше сағат бойы судың астында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде денесін алып шықты. Бұл үлкен қайғы. Небәрі 11 жастағы жасөспірім абайсызда қаза тапты. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін шомылу маусымында судан келер қауіпті азайту үшін ең алдымен қауіпсіздік шараларын сақтауды өтінеміз:

А. ЖҮНІСБЕКОВ,
Шымкент қаласындағы №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы
азаматтық қорғау подполковнигі.

Балаға бейқам қарамаңыз…

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумағында суға шомылу кезінде балалардың қаза болу фактілері тіркелмеді. Алдағы уақытта да қайғылы оқиғаларды болдырмас үшін халыққа есертеміз!!!
Жайдарлы жаздың аптап ыстығында салқындаймын деген оймен өзен, көл аңғарына түсіп, суда жүзгенде төмендегі суға шомылу қауіпсіздік ережелері назарларыңызда болсын.
Құтқарушылардың қайғылы тәжірибесі жиі жағдайда дені сау, тіпті жақсы жүзе алатын адамдардың мас кезінде суға кететінін көрсетеді.
Суға түскен кезде тыйым салынады:
-Қоршау белгілерінің арғы жағына жүзіп кетпеңіз;
-Тыйым салынған жерлерде суға түспеңіз;
-Суға түсіп жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
-Суға түскенде камераларды, доптарды, тақтайларды пайдаланбаңыз;
-Суға түсіп жүріп тентектік жасамаңыз;
-Суда жалған дабыл бермеңіз;
-Өтіп бара жатқан катерлерге, кемелер мен қайықтарға жақын жүзіп бармаңыз;
-Көпірлерден, бөгеттерден, айлақтардан қайық пен катерлерден суға секірмеңіз;
-Бейтаныс жерлерде суға сүңгімеңіз.
Ыстық құмда күйіп жатып, дереу суық суға түспеңіз. Температураның күрт өзгеруі қан тамырларының жылдам қысқаруын туғызып, бұл естен танып қалуға әкеліп соғуы мүмкін. Күнге қыздырыныңыз, бірақ күйіп кетпеу жағын ойлаңыз.
Егер суға бату орын алған болса, ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! Зардап шегушіге өмірін тек тынысы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешікпей қайтаруға болады.
Тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығарыңыз. Осының барлығына 15 секундтан аспайтын уақыт жұмсауыңыз қажет.
Бұл үшін:
-Зардап шегушінің басын бір жағына қырындатып, құм мен балдырдан тазалайсыз, сосын зардап шегушінің тыныс алатын-алмайтынын, тамыры соғатын-соқпайтынын анықтайсыз. Егер тамыры соқпаса «ауызба-ауыз» тәсілімен жасанды тыныс алдыруға кірісесіз. Жасанды тыныс алдырумен бір мезгілде жүрекке сыртынан массаж жасайсыз.
Бұл маңызды нәрсе!
Аяқ-қол тартылған кезде не істеген жөн:
-саусақтарыңыз тартылса, қолыңызды күшпен жұдырық етіп жұмып, бір жаққа бірдеңе лақтырғандай қимыл жасап, сосын жұдырығыңызды ашыңыз;
-егер балтырыңыздың бұлшық еті тартылса, бүгіліп барып, тартылып қалған аяғыңыздың табанынан мықтап ұстап, өзіңізге қарай тартыңыз;
-мықынның бұлшық еттері тартылса, аяғыңызды сырт жағынан қызыласық тұсынан ұстап, тізеңізді бүгіп, артқа, арқаңызға қарай тартыңыз;
-аяқ-қолыңыздың тартылуы басылмаса осы әдістерді қайталаңыз.
Иірімге түсіп кеткенде не істеу керек?
Өкпеңізге көбірек ауа толтырып алып, суға сүңгіп кетіңіз де, ағысқа қарай қатты ұмтылыс жасап, су бетіне жүзіп шығыңыз.
Жанұзақ АДИХАНОВ,
Әл-Фараби ауданының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты.

Маман кеңесі
Балаға қандай қауіп төнуі мүмкін?
• Ұсақ заттар (түймелер, дәрілер мен кішкене шарлар, қайшылар, пышақтар, шанышқылар, тоқыма біздер, инелер, түйреуіштер, шегелер, шаш түйреуіштер, ұшталған қарындаштар, қаламдар) баланың қолы жетпейтін жерде сақталуы тиіс.
• Еденге жақын шкафтардың есіктері кілтпен жабылуы немесе бала оларды аша алмайтындай етіп байлануы керек.
• Өткір бұрыштар қалың жұмсақ маталармен, кілемшелермен немесе жастықтармен жабылуы керек. Тамақтандыру кезінде сынғыш шыны заттар пайдаланылмауы тиіс.
• Электр құралдары мен резеткелер кішкентай балаларды аса қызықтырады. Тіпті электрезеткелер биікте орналасқан дегеннің өзінде, оларға міндетті түрде «бітеуіштер» қою немесе оларды лейкопластырмен желімдеу керек.
Ата-аналарға берер кеңесіміз, еңбектей отырып бүкіл пәтеріңізді «жат планеталық тұрғысынан», яғни заттардың тағайындалуы белгісіз тіршілік иесі ретінде мұқият қарап шығыңыз (бұл қауіпсіздіктің бірінші деңгейі болады). Осы кішігірім, алайда маңызды зерттеу барысында өзіңіз үшін таныс және айқын заттар сіздің балаңызға белгісіз және түсініксіз екенін естен шығармаңыз. Егер белгілі бір жерде балаға қауіп төнудің болмашы мүмкіндігі бар болса, оны қауіпсіздендіруге тырысыңыз.
Жылыту құралдарына, ашық от бар жерлерге, тамақ дайындалатын жерлерге, сондай-ақ сіріңке, тұтандырғыш, тез тұтанатын сұйықтықтар, шырақтар сияқты заттарға ерекше назар аудару қажет.
Үстелдің шетіне ешқашан ыстық сұйықтығы бар кастрюльдер немесе шәйнектер қоймаңыз және дастархандарды уақытша болсын алып тастаған жөн, себебі бала оның шеттерінен тартып үстелде тұрған заттарды өзіне аударып алуы мүмкін. Еске салатын жайт, күйіп қалу — балалар өлімінің жиі себептерінің бірі болып табылады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика