«Bilimdi Últ» ұлттық жобасының берері көп
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне бірқатар тапсырма жүктеді.
–Біздің басты міндетіміз – балабақшадан бастап, білім берудің барлық деңгейлерінде халықтың сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2021-ші жылдан бері 674 балабақша ашылды. 326 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ 1436 мектеп жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орын беретін мектептер салу көзделген, — деді Әлихан Асханұлы.
Жастарды кәсіптік-техникалық біліммен қамту үшін бюджеттен мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша 45 мың орын бөлінген.
Еңбек нарығының сұранысына сай кадр даярлау үшін 500-ге жуық кәсіпорын колледждерді қамқорлыққа алды.Жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының 4 филиалы ашылды. Инновациялық бағыттар бойынша шетелдерден 400 оқытушы тартылды. Жалпы, білім беру сапасын жақсарту бойынша жүйелі шаралар іске асырылып келеді, — деді ол.
Премьер-министр Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын пысықтау бойынша барлық шараларды қабылдауы тиіс екенін айтты.
Оны «Bilimdi Últ» ұлттық жобасымен жедел үйлестіру қажет. Жалпы «Bilimdi Últ» ұлттық жобасының жоспарланған барлық көрсеткіштеріне қол жеткізу керек. Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің сапасын арттыру үшін Оқу-ағарту министрлігіне биылғы 1-ші қарашаға дейін мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау мәселелерін пысықтауды тапсырамын.Оқу-ағарту министрлігі Мәдениет және спорт министрлігімен, өңір әкімдіктерімен бірлесіп, ауылдық жерлерде балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайтсын, — деді ол.
Үкімет басшысының айтуынша, өңір әкімдіктері жастардың жұмыспен қамтылуын арттыру мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде колледждерге қабылдауды ұлғайтуды қамтамасыз етуі керек.
Ғылым және жоғары білім министрлігіне Қаржы, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесіп, еліміздің өңірлік жетекші мемлекеттік университеттерінің базасында Академиялық артықшылық орталықтарын құру мәселелерін пысықтауды тапсырамын. Осы жұмысты үйлестіру және бақылау Ералы Лұқпанұлына жүктеледі, — деді ол.
Талант мектебінде 1200 бала білім алады
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы, Ә.Жангелдин көшесі, №13 ғимаратта орналасқан «№1 TALANT» жалпы білім беру мектебі 1200 орындық, 5 қабаттан тұрады. Жобаға сәйкес 60 оқу бөлмесі, 48 кабинет, асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинет бар. Аталмыш мектеп оқу жылына балаларды қабылдауға толығымен дайын.
Оқу жылына дайынбыз ба?
Шымкент қаласында «Жас-Дарын-3» мектебінің құрылысы жүріп жатыр. Шаһар басшысы М.Әйтенов аталған мектептің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
300 орынға лайықталған мектеп 3 қабаттан, 12 оқу бөлмесі, 8 кабинет, асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинеттен тұрады.
Абай ауданы Темірлан тасжолы көшесі,19/2 ғимаратта орналасқан.
Білім мекемесі оқу жылына 98% дайын. Қазіргі таңда «брусчатка» төсеу, қоршалуы мен абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.
«El Umiti – 2022» жазғы лагері жұмысын аяқтады
2022 жылғы 1-5 тамыз аралығындаға Бурабайдың бөктерінде өткізілген «El Umiti – 2022» жазғы лагері ерекше естеліктермен аяқталды.
Лагерде ұйымдастырылған ойын-сауық бағдарлама, тренинг, экскурсия, дебат, интелектуалдық ойындар арқылы еліміздің барлық өңірінен келген қатысушыларға жаңа достар, сыни және стратегиялық ойлау, көшбасшылық, қаржылық сауаттылық, эмоционалды интеллекттерін және шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік сыйлады.
Аталған іс-шараларда белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының сертификаты және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Қатысушылар жадына ең ыстық естеліктерді сыйлаған «Елбасы академиясы» корпоративтік қорының ұжымына алғыс білдірді.
ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
Биыл 05.08.2022 жылы «Қазақстанның ұлттық басымдығы: Балалар және білім» тақырыбында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА тамыз кеңесінің панелдік секция жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Секция жұмысының мақсаты: барлық білім алушылар үшін жайлы білім беру ортасын құру бойынша инклюзивті практиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және жаңа оқу жылына басымдықтарды анықтау.
Республикалық маңызы бар іс-шараға білім беру ұйымдарының әкімшілігі, педагогтері, мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары, әдіскерлер, білім беруді басқару органдарының, ҮЕҰ және ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, ЖОО оқытушы-профессорлар құрамы белсенді (3000 педагог ютубтан, 2000 педагог онлайн) қатысты.
Аталған іс-шара барысында Шымкент қаласы Білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» КММ, Инклюзивті білім беру бөлімінің басшысы Ж.Утесинова қатысып, «Об оргнизации доступной и комфортной инклюзивной среды в организациях дошкольного образования общего типа в г.Шымкент» тақырыбында баяндама оқыды. Ол баяндамасында инклюзивті оқытудың негізгі принцептері адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталатындығын айтты. Әрбір адам сезуге және ойлауға, әрбір адам үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру және жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтетіндігі жайлы тәжірибе мен теорияны ұштастырды.
Нәтижесінде, секция жұмысына қатысушы педаготер ерекше қолдауды қажет ететін балалар үшін жайлы білім беру ортасын құру аясында инклюзивті практиканы дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, жаңа оқу жылында берілетін басымдықтарды анықтады.
«ЖАС ПАТРИОТ – 2022»
ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ жиын өтті
Қаладағы «Жас сарбаз» сыныптары арасында «Жас патриот – 2022» атты бірінші әскери-патриоттық жиын өтті. Екі күнге созылған іс-шараны Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы қалалық білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.
–Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Өйткені, ол тек әскери тәртіпке ғана емес, білімге, достық пен адалдыққа және тапқырлыққа жетелейтіні мәлім. Ал, бүгінгі жиынның мақсаты – жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, ел мен жер болашағына деген жауапкершілікті сезіндіру, – дейді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов.
Айта кетейік, жиынның ашылу салтанатына республикалық «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, подполковник Ринат Мадияров және «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Онбаев қатысқан болатын.
Әскери жиынға Шымкент қаласындағы 25 орта мектептен 100-ге жуық оқушы қатысты. Оқушылар екі күн бойына кермеге тартылу, шалқалап жатып денені көтеру, пневматикалық винтовкамен ату, қорғаныс және әскери киімдерді жылдам кию, 100 метрге жүгіру және әскериленген эстафета бойынша бақ сынады.
Бетті дайындаған Дамира КАМАЛ.
Leave a Reply