Ел президентінің дәстүрлі Жолдауына әркез үмітпен қарайтынымыз рас. Бұл жолғы Жолдаудың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» деген тақырыпты алуы заңдылық. Өйткені, ел тарихының «Жаңа Қазақстан құру» тұсындамыз. Бірден байқалғаны, экономикаға қатысты реформалардың басымдығы. Сондықтан тұрмыс-тіршілігіміз оңалар, алға қарыштармыз, бәлкім. Бұл тұрғыдан үміт көп. Бірақ халықтың рухы, санасы ше? Қалың қазақты мазалаған «Мемлекетіміз ұлттық бола ала ма?» деген күмән-күдік сейіле ме? Күдік-жалғыз дегенім – осыны меңзегенім еді. Сонымен, Жолдау бағдарларын қарастырып көрейік. Жаңа айтылғандай, экономика саласына қатысты реформа көп. Олардың бастыларын ғана атап өтейік. «2023 жылы жаңа Салық кодексі дайындалады», «Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз», «Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек. Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн», «Мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады», «Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет». Аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналады. Қазақстанның экономикалық дамуының жаңа парадигмасы еліміздің бәсекелік артықшылықтарын тиімді пайдалануға және өндіріс саласындағы еңбек, капитал, ресурстар, технология сияқты негізгі факторлардың әлеуетін барынша ашуға негізделеді, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы орайда, Президент биылғы Жолдауда айтылған міндеттерді орындаудың нақты мерзімін белгіледі. Жаңа экономикалық саясатта жүзеге асуы екіталай, сондықтан ұзақ мерзімді мақсат қоюға болмайды. Осы Жолдауда айтылатын міндеттің бәрі үш жылдың ішінде орындалуға тиіс. Ал аса күрделі міндеттерді жүзеге асыру үшін нақты мерзім бекітіледі, — деді Мемлекет басшысы.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply