Шымкентте Отбасы күні мерекесі аясында Family fest отбасылық фестивалі өтті. Отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында қала әкімдігінің қолдауымен өткен фестивалге қаламыздағы шағын және орта кәсіп иелері белсенді атсалысты. Кәсіпкерлер өз өнімдерін көрмеде ұсынып қана қоймай, отбасылық ойындар ұйымдастырды. Таңертеңнен басталған фестиваль кешке дейін жалғасты. Кеш соңында эстрада жұлдызы Дастан Оразбеков өнер көрсетіп, Хомяк есімімен танымал болған тик ток блогері Алина Ким жанкүйерлерімен кездесті. Танымал блогерден балалар қолтаңба алды. Қала тұрғындары керемет кешті тамашалап қана қоймай, отбасылық ойындарда белсенділік танытып,, арнайы сыйлықтарға ие болды. Айта кетейік, шымкенттік кәсіпкерлер бұл жобаны жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыруды қолға алмақ. Себебі жобаның тұрғындарға да, кәсіпкерлерге де, қала экономикасына да әсері зор. Дана халқымыз «Отан – отбасынан басталады» дейді. Адам баласының өміріндегі ең құнды қазынасы – отбасы. Отбасының қамқоршысы мен тіреуі – ер азаматы, шаңырағының шырайын келтіріп, ырысын еселеп, ынтымағын қамтамасыз ететін – адал жары, сол шаңырақты береке мен мерекеге толтыратын бақыты – балалары. Әкеден көрген өнеге мен анадан алған тәлім – баланың өмірлік бағдаршамы болмақ. Яғни, «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Менің бүгінгі мақалама арқау болып отырған кейіпкерлерім қоғамда өз орны бар тұлғалар. Өнегелі отбасы жайында болмақ. Отбасы — шағын мемлекет.Оның өз мүшелері болады. Отбасын ата-ана басқарады.Олар отбасылық жоспар құрады.Отбасының құндылықтарын сақтау керек.Адам баласы өзінің отбасынан тәлім-тәрбие алып,өсіп өнеді. Отбасының құндылығы адам және олардың тәрбиесі.Анадан дүниеге шыр етіп келгенде анамыз бауырына басып,аналық мейірімін беріп,әкеміз әкелік мейірімін төгіп,тәлім береді. Қазақта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп,бекер айтпаған.Әр бала өзінің ата-анасына қарап өседі, үлгі-өнеге алады.Ата-ана бірігіп балаларын қалай тәрбие-леп өсіруді ойлайды.Олар өздерінің балаларын «Қанаттыға қақтырмай,тұмсықтыға шоқтырмай» өсіреді.Отбасында ұл мен қыздың тәрбиесінде үлкен жауапкершілік жатыр.Олардың тәрбиелілігі ата-анадан тәлім-тәрбие алу арқылы, үлгі-өнегеден,сыйластықтан,әдептіліктен,мейірімділіктен,үлкенді ізет,кішіге құрмет көрсету арқылы жүзеге асады.
Қызмет ақпарат
2000 символ
Leave a Reply