Шымкенттің туризм саласы дамудың даңғыл жолында

Әкімдік өз тарапынан өзбек ағайындарға осы сакралды туризмді бірге дамыту бойынша ұсыныс беріп отыр. Мұндағы мақсат – егер туристер тарапынан қызығушылық болып жатса, Шымкент қаласында балама ретінде саяхаттау нысаны ретінде ұсыну. Осыған байланысты басқарма зиярат етушілерге барлық жағдайды жасауға дайын. Мәселен, тегін гид беріледі. Осы арқылы шетелден келетін туристер ағымын көбейтуді жоспарлап жатыр. Одан бөлек те туристердің саяхаттау нысанына байланысты әртүрлі сұраныстары болады. Оған, айталық, экстремалды туризмді жатқыза аламыз. Осы ретте қала іргесінде Бүркіт спорт ұйымы қызмет көрсетеді. Ол жерде мәселен, парашютпен секіруге болады. Сонымен бірге картинг бар. Сондай-ақ қала ішін аралау, балалар туризмі секілді бағыттар қосылған. Биыл 1 қаңтардан бастап туризмді дамыту бағытында елімізде арнайы бағдарлама іске қосылды. Ол бойынша егер сіз Қазақстан ішінде кемінде 5 күн саяхат жасайтын болсаңыз және өзіңізбен бірге балаларыңызды алып жүрсеңіз, 17 жасқа дейінгі барлық балаңызға да әуе билеттері тегін. Бірақ сіз бүтін туристік маршрут сатып алуыңыз керек. Мәселен, Шымкентке келсеңіз, кемінде 5 күн түнеу керексіз. Жататын қонақүй, баратын нысандар туристік оператор арқылы белгіленеді. Осы кезде ғана мемлекет әуе билетіне субсидия жасап береді. Сондықтан басқарма осы бағдарлама ар­қылы келетін туристердің балаларына арнап қызықты нысандар­ды әзірлеп жатыр. Шымкентте сонымен қатар медициналық туризм де ерекше қанат жайып келеді. Мәселен, осы күні жан-жақтан, тіпті шетелдерден Шымкентке келіп емде­луді қалайтын науқастар саны арта түскен. Жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу, онкологиялық кеселдермен кү­ресу, басқа да күрделі оталар жасау, соның ішінде трансплантология бойынша республиканың үшінші мегаполисі оқ бойы озық келеді. Медициналық туризмнің жарнамасын күшейту мақсатында бүгінде арнайы буклеттер әзірленген. Онда Шымкентте медицинаның қай саласы ерекше дамығаны, тіпті сол салада қандай білікті дәрігерлер бар екені туралы нақты мағлұматтар берілген. Білім туризмін де ерекше атап өтуге болады. Осыған сәйкес қазіргі уақытта шетелдермен тығыз байланыста жұмыстар қолға алынып жатыр. Мысалы үшін Шымкенттегі медициналық жоғары оқу орнында бүгінгі таңда 1 200-ден аса үндістан­дық студент оқиды. Сонымен бірге басқа да оқу орындарында әртүрлі елдерден ­кел­ген шетелдік студенттер білім алуда. Осы қарым-қатынасты ілгерілету мақсатында білім туризмін дамытуға айрық­ша көңіл бөлініп отыр. Көбінесе шетелдік студенттерді Шымкенттегі оқу орындарының бағасы мен осындағы жайлы орта қызықтырады.

Қызмет ақпарат

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика