Жолдау-2023: Тіршілік нәріне баса мән бергені орынды

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында Президент әлеуметтік-экономикалық бағыттарды қамтыған бірнеше өзекті мәселелерді шешу қажеттігін баса айтты. Ұлытау облысының белді де белсенді азаматтары Жолдауға қатысты өз пікірлерін ортаға салған болатын. Тіршілік нәріне баса мән бергені орынды Бүгінде әлемдік деңгейде өзекті болып отырған су тапшылығы елімізді де айналып өткен жоқ. Өзіміз мекен етіп жатқан Ұлытау облысы төңірегінде  де бұл жағдай алаңдатушылық тудыруда. Жалпы, елімізде су көздерін реттеп, халықты сапалы ауызсумен қамтудың бірнеше бағдарламалары қолға алынғанымен нәтижесі аз болды. Осыны ескерген Президент  Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында су мәселесін көтере отырып, осы жағдайды реттеуші жаңа министрлікті құруы құптарлық іс болды. Су ресурстары және ирригация министрлігін құра отырып, ел аумағында түйткілді мәселелерді шешуге аталмыш ведомостваның алдына бірнеше міндеттер жүктеді. «Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы. Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Оған қоса судың «көлеңкелі» нарығы түбірімен жойылуға тиіс. Халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған», – деді Президент. Мемлекет басшысы су дегеніміз – үнемдеп пайдаланбаса, тез таусылатын шектеулі ресурс екендігіне айрықша назар аудартты. «Онсыз шаруалардың күні қараң. Сол себепті бұл салада заңсыздыққа жол берілмейді. Талапқа бағынбайтындар қатаң жазаға тартылады. Еліміз үшін судың маңызы мұнай, газ немесе металдан кем емес. Су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен дербес мекеме айналысуы қажет деп санаймын. Сондықтан Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент жаңа минстрлікке жүктеген бағыттар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылса, келешекте елімізде тіршілік нәрінің көздері ашылып, халықты сапалы ауызсумен қамтуға мүмкіндік туар еді. Мұндай игілікті Ұлытау облысының халқы да көрері хақ. Тек сол бағытта жүзеге асатын жұмыстардың тетігі мықтап қалыптасса болғаны.

 

Қызмет ақпарат

2000 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика