САЛТ ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫ БЕСТАС (ШЕКЕМТАС) ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫН НАСИХАТТАДЫ

«Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып ,білім мен білігі жағынан өркениетті елдердің замандастарымен қатар тұра алатын , бойында ұлттық ,отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады , себебі шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі…» деп көрсетілген.
Тәуелсіздік алған еліміздің келешек ұрпақты, халықтық және эпостық-мәдени тұрғыда тәрбиелеуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Бұл мәселенің шешімін табу үшін үздіксіз білім беру жүйесі айтарлықтай қайта қаралып, оны желтілдіру жолында іздестірілуде.Мұндағы алға қойылып отырған негізгі талаптар- Қазақстан білім беру жүесінің бүкіләлемдік білім беру кеңістігінде толық енуінің алғашқы ұлттық даму стратегиясын жасап, моделін құру.Бұл талаптардың жүзеге асырылуы бағытындағы жұмысты үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы-мектепке дейінгі ұйымдарда баланың білімге деген құштарлығын арттырудан , ұлтымызға тән қасиеттер бойына сіңген шәкірт тәрбиелеуден бастағанның маңызы өте зор. Осы орайда қазақта ұлттық ойын түрлері сан алуан. Халқымыз баланың ойынына да терең мән беріп, оларды бала күнінен баулыған. Ол ұлттық ойындарымыздың ойналу тәсілінен, әдістерінен байқалады. Бестас ойынында қыз баланың саусақтарының қимылдауы арқылы адамның басқа да он екі мүшесіне қимыл жүреді. Сонымен қатар баланы жылдамдыққа, ептілікке, дәл тигізуге, тез ойлауға машықтандырып отырған. Бестас (шекемтас) — көбiне қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол үшін домалақ, ұстауға ыңғайлы бес тас, отырып ойнауға ыңғайлы тегіс жер керек. Ойнау шарты мен сатылары бар.  Бестасты көбіне, бip қолмен ойнайбы. Тастарды түсіріп алған немесе шартты орындай алмаған ойыншы келген сатысында тоқтайды. Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады. Ойын сатылары әр аймақта әр турлі болуы мүмкін. Сатылар санына шек қойылмайды.

Қызмет ақпарат

1958 символ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика