Ана құрсаына сәби біткеннен күннен астап дәрігерлер ерекше бақылауға алып, ананың да, баланың да саулығына жауапты. Ана мен баланың қауіпсіздігі де назардан тыс қалған емес.Жуырда шымкенттік құтқаушылар өрт ішінен ана мен баланы аман алып шықты.
Пеште қараусыз қалдырған ас үлкен қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін. Өйткені өрттің үлкен кішісі болмайды, ол-әрдайым қауіпті. Осындай жағдайлардың бірі №17 шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің бірінде орын алды. Пәтерден түтін шығып жатыр деген хабарлама түсе сала оқиға орнына тез арада жеткен өрт сөндірушілер пәтердің есігі жабық тұрғандығын анықтайды. Тездетіп саты арқылы 3-ші қабаттаға пәтерге терезе арқылы кіріп, түтінге толған бөлмелердің ішінен анасы мен баласын тауып, қауіпсіз аймаққа алып шығады. Осылайша үлкен қауіпті болдырмады.
Баласы мен жұбайының өмірін дер кезінде құтқарып, өрттің алдын алған өрт сөндірушілерге пәтер иесі өз алғысын білдіріп, ТЖД бастығының атына хат жазды. Хатта: «7.08.2022 жылы 14.48 шамасында көршілер 3 қабаттағы пәтердің терезесінен түтін шығып жатқанын байқап өрт сөндірушілерге хабарласады. Олар тез арада келіп тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығарып, ал пәтердің есігі жабық болғандықтан терезе арқылы кіріп ішінен балам мен жұбайымды түтінге толған үйден алып шықты. Өрт сөндірушілерге үлкен алғысымды білдіремін. Өрттің алдын алды. Олар болмағанда отбасымнан айырылып қалар едім. Үлкен рахмет! Осыған орай олардың осындай кәсіби әрекет етіп, адам өмірін құтқарып, батылдық танытқаны үшін марапаттауыңызды сұранамын»,-делінген. Өжет өрт сөндірушілер үшін құтқарылған жандардың алғысынан артық марапат жоқ. Өмірлерін тәуекелге тігіп, түрлі төтенше жағдайдан адам өмірін құтқарып, қанша шаршап шалдықса да сол кезде айтылған алғыстан кейін барлығын ұмытып, өз қызметін одан да жақсы атқару үшін құлшыныс алады. Міне оларды марқайтып, дем беретін күш те осы болар.
Ал біз өз кезегімізде құрметті қала тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз! Тіпті пеште қалған астан шыққан түтіннің салдарынан адам тұншығып, өлімге алып келуі мүмкін. Сондай-ақ ол үлкен өртке ұласуы ықтимал. Сондықтан да өте мұқият болыңыздар!
Т. ШАЛДАРБЕКОВ,
Шымкент қаласындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі.
Leave a Reply