2022-08-09

Қазақстанда теңге депозиттеріндегі пайыздық мөлшерлеме көтерілді

Қазақстанда 26 шілдеден бастап теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме көтеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

25 шілдеде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14,5% ұлғайтқан болатын.Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілде және тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемені көтерді.

Өзгерістер 26 шілдеде, яғни бүгін күшіне енеді. Сол күннен бастап банктер депозит өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемені қайта қарауға құқылы.

Қызмет ақпарат

Яндекс.Метрика