Әскери журналистика мәселелері талқыланды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы мен өңірлік қолбасшылықтарының баспасөз қызметтері басшылары және ҚР Ұлттық ұлан академиясының өкілдеріне арналған республикалық жиын өтті. Жиын қатысушыларына журналистика факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен Қазақстанның медиа және PR саласындағы мамандар практикалық сабақтар өткізді. Үш күндік курстар 26 мамыр күні Қазақстанның әскери журналистикасындағы өзекті мәселелер пікір өзегіне айналған дөңгелек үстелге жалғасты.

Алқасөз модераторы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, әскери журналистика ардагері, запастағы полковник ҚуанышҚожахметов республикалық жиынды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен университет, факультет басшылығына алғыс білдірді. ҚР Ұлттық ұланы Ақпараттық-баспа бөлімінің бастығы, «Қалқан» газеті мен «Бүркіт» журналының редакторы полковник Ерболат Сұлтанов қазақстандық патриотизмді насихаттаудағы әскери журналистиканың рөліне тоқталды. Жиынға қатысқан С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің жастар саясаты мен әлеуметтік сұрақтар жөніндегі проректоры Қанат Әуесбай руханият пен патриотизмді қалыптастырудағы БАҚ-тың орны мен рөлін қозғап, жастардырухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиелеу саласындағы кезек күттірмейтін мәселелерді атады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының профессоры Ләйла Ахметова әскери журналистерге мұрағат материалдарынегізінде патриоттық сана қалыптастырудың қажеттігін баса айтып, Панфилов дивизиясына қатысты тың деректер келтірсе, кафедра доценті Александр Рожков БАҚ-тағы дәстүрлі құндылықтар, кәсіби әскери журналистер даярлау туралы ойларын ортаға салды. Кафедраның аға оқытушысы Арман Құдабайдыңпсихологиялық операциялар және ақпараттық соғыстар туралы баяндамасы шара қатысушыларының ерекше қызығушылығын туғызды.

Шара соңында журналистика факультетінің деканы Темірғали Көпбаев және ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі Назгүл Шыңғысова «Қазақстан Республикасының құқықтық тәртіп әскеріне 30 жыл» медалімен марапатталды. Профессор Ләйла Ахметова, доцент Александр Рожков және аға оқытушы Айман Қаймулдина «Ұлттық ұлан қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, үш күндік курста шеберлік сағаттарын өткізіп, дәрістер оқыған факультет ұстаздары, практик-мамандар Бекжан Әшірбаев, Ізбасар Тұрғынбаев, АлмагүлКенжебекова, Анвар Ушуров т.б. Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақановтың бұйрығымен алғыс хат, грамоталармен марапатталды.

Мұндай жиындар салалық журналистиканы дамытуға игі ықпал ететіндіктен, болашақта ізгі шаралар жалғасын табары даусыз.

Назгүл Шыңғысова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының меңгерушісі

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика