Түйе туралы қызықты мәліметтер

Түйелер біздің планетаның құрғақ аймақтарында өмір сүріп, басқа жануарлардың көпшілігі екі күннен аса уақыт шыдай алмайтын жерде тіршілік етуге бейім. Төзімділігінің арқасында түйелер ежелден-ақ көптеген халықтар арасында байлықтың өлшемі болып саналды және осы уақытқа дейін жердің көптеген бөліктерінде олар құндылығын жоғалтқан жоқ.

 

Түйе туралы қызықты деректер

Ересек түйенің салмағы 700-800 кг-ға дейін жетеді.

Қалың түйе жүні күн сәулесін шағылыстырады және бұл жануарларды аптап ыстықтан қорғайды.

Түйелер өздерінің қырағылықтарының арқасында шөл далада күннің ыстық күннің өзінде де бір шақырымға дейінгі аралықтағы қозғалысты көре алады.

Өркешінде сақталған майдың қорына байланысты түйе бір айға дейін тамақ пен сусыз өмір сүре алады.

Бұл жануарлар 50-60 шақырым жердегі су көзін сезініп, оазистерді табады.

Түйе мұрнының ерекше құрылымына байланысты деммен шығарылған ылғал денеге қайта оралады

Түйелер жарысы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді, оларға шабандоз ретінде роботтар отырғызылады.

Шаңды дауыл кезінде түйелер танауын мықтап қысып, мұрынға құм түспейтіндей етіп жауып тастай алады.

Түйе зәрінен өте жаман иіс шығады, бұған қоса, олар түкірген кезде жай сілекей емес, асқазан сұйықтығын түкіреді.

Арабтар бірнеше ғасырлар бойы түйелерді соғыс жануарлары ретінде қолданған. Жылқылармен салыстырғанда, түйелер қорқақ келеді және жүгіруге асығады, бірақ шөл далада аттар тірі қалмайды.

Түйенің жуан еріндері жарақат алудан қорықпай, шөлді тікенектерді сабырлы түрде жеуге мүмкіндік береді.

Түйе екі өркешті, бір өркешті болып бөлінеді. Соңғысы нар деген атауға ие.

Бұл жануарлардың ертерек қолға үйретілгені соншалық, олар жабайы табиғатта жоғалып кете жаздады. Екі өркешті түйелер қазір тек қытай және монғол қорықтарында кездеседі.

Тіпті тәжірибелі түйешінің өзі жатып қалған түйені тұрғыза алмайды, себебі түйе жатып демалуды көздесе, оны оңайлықпен тұрғызу қиын.

Түйелер сусыз ұзақ уақыт жүре алады, өйткені олардың қанындағы эритроциттер ерекше формасының арқасында түйе қаны организмде ылғал жетіспесе де сұйықтықты жоғалтпайды.

Күндізгі уақытта түйенің дене қызуы 6-7 градусқа көтеріледі, сонда ол қатты ысымайды және терлемейді.

Түйе сүті сиыр сүтіне қарағанда әлдеқайда пайдалы. Сонымен қатар, оның құрамында лактоза жоқтың қасы.

Түйелерде бір кірпіктің орнына екі қатар кірпік болады. Кірпіктердің бұл тығыздығы көздерін құмнан сенімді қорғауға көмектеседі.

Түйе суды басқа тіршілік иелеріне қарағанда тезірек ішеді. Бір уақытта ол 150-180 литрге дейін суды сіміре алады, оны кейінірек денесі өркештегі майлы тінге айналдырады.

Түйе — араб тілінде сұлулық деген мағынаны білдіреді.

Африканың бірқатар елдерінде түйелер Үндістандағы сиыр сияқты қасиетті жануар болып саналады.

Бұл жануарлар арасында ұрғашылары агрессивті келеді. Әдетте олар агрессияны  еркектермен бәсекелесу кезінде танытады.

Жазық және кең табанның ерекше құрылымына байланысты түйелер борпылдақ ыстық құмға түсіп кетпейді.

Олар аяқтарын әр түрлі бағытқа бұра алады. Мысалы, жылқы алдыңғы аяқтарымен алға қарай тебеді де, артқы аяқтарымен артты ғана тебе алады. Ал түйеде олай емес.

Түйе денесінің құрғауы оның өркешіндегі қорды есептемегенде, денесіндегі барлық судың төрттен бір бөлігі жоғалғаннан кейін ғана басталады.

Ылғалдың көп бөлігін бұл жануарлар өсімдіктерден алады.

Түйенің нәжісі құрғақ болғандықтан, көшпелі бедуиндер оны отқа жанармай ретінде пайдаланады.

Өркештеріне қарамастан, түйелердің омыртқалары түзу болады.

Дене қызуы 41 градустан асқанда ғана олар терлей бастайды. Олар үшін норма күндіз 40-41 градус, түнде 34-35 градус.

Көптеген жабайы, дәлірек айтсақ, жабайыланған түйелер Австралияда кездеседі. Олар бұл құрлыққа ерте заманда әкелінген.

Олар ұзақ уақыт тамақсыз жүре алатындығына қарамастан, өсімдік жақсы өсетін жерде түйе күніне 30-40 кг тамақ жей алады.

Салқын аймақтарда түйе жалы қыста қалыңданып, көктемде жіңішкеріп, жұқарады

Жалпы қазір әлемде 20 миллионға жуық түйе бар. Бірақ белгілі себептерге байланысты олардың нақты санын дәл есептеу мүмкін емес.

Бұл жануарлар, әдетте, суы жоқ жерлерде өмір сүретіндеріне қарамастан, керемет жүзеді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика