Маймыл шешегінен алғашқы өлім жағдайы тіркелді

Жергілікті аурулардың алдын алу және бақылау орталығының (NCDC) мәліметінше, Нигерияда маймыл шешегімен ауырған адамдардың ішінде алғашқы өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Елде барлығы 21 адам маймыл шешегін жұқтырған.

Марқұмның жасы 40-та. Оның иммуносупрессиялық препараттар қабылдағаны белгілі болды.

«2022 жылдың 29 мамырындағы мәлімет бойынша, жалпы саны 21 жағдай расталды, оның біреуі өліммен аяқталды. Ілеспе аурулары бар 40 жастағы науқас көз жұмды. Оның иммуносупрессиялық препараттарды қабылдағаны белгілі болды», — делінген ведомствоның сайтында жарияланған хабарда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика