БАДАМДАҒЫ БАСТЫ МАҚСАТТАР ОРЫНДАЛҒАН

Түркістан облысындағы кейбір ауылдарда атқарылған игі істер көп. Мәселен, Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылындағы тындырымды тірліктер жан сүйсінтеді.

Былтырғы біткен істер жөнінде Бадам ауылдық округінің әкімі Бақытжан Оразалиевтен естідік. Сұрақтарымызға орай жауап бірген Б.Сералыұлы:

– Бадам ауылдық округінде 6 елді мекен бар. Атап айтсам, Бадам, Дербес, Мамыр, Ордабасы, Қарабастау, Ақбұлақ ауылдары. Округте 16 мың 132 тұрғын бар. 2020 жылы Бадам ауылдық округі бойынша «Ауыл ел бесігі» бағдарламасымен 13 көше жарықтандырылып, 12 көше асфальттанды. Сәкен Сейфулин атындағы 1 мың 500 орындық мектеп пен 230 орындық «Диамур» балабақшасына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аталған бағдарлама аясында саябағымызда ретке келтірілгенін айта кетейін. Мамыр мен Ақбұлақ елді мекен тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аталған ауылдарға скважина қазылып, су айдаушы мұнара орнатылды. Аудан әкімі Нұрбол Әбсаттарұлының бастамасымен демеушілер арқылы үш канал тазартылды. Қала берді, Ақбұлақ ауылынан медициналық тірек демеушілер есебінен жөндеуден өтті. Былтыр мектеп бітіргендерінің 20 жылдығына орай 1983 жылы туылғандар бір отбасыға баспана сыйлады. Бұл «Қамқорлық» бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Өзіміз әкімшілік тарапынан ұйымдастырып, бір көп балалы отбасыға үй салдыртып беруді көздеген едік. Сондықтан осындағы кірпіш шығаратын зауыт пен басқа да серіктестіктерді тарту арқылы ойға алған ісімізді жүзеге асырдық. Ордабасы ауылында таза ауыз сумен қамту жоспарда бар. Алдағы наурыз айында 70 тонналық башня пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ауылдық округ аумағында «Ордабасы нан» диірмені, 15 қыш зауыты, бір құты зауыты, «Бөрте милка» сүт өнімдері кешені, «Ордабасы құс» фабрикасы жұмыс істейді, – деді.

Бадам ауыл округінде үстіміздегі С. Мұқанов атындағы 300 орындық жалпы орта мектептің және Қажымұқан атындағы 200 орындық жалпы орта мектептің құрылысы басталмақ.

Сондай-ақ, Қарабастау ауылына фельдшерлік-акушерлік бекеті салынады.

Әрі, «Агро өнеркәсіп кешенін 2017-2020 жылдарға дамыту бағдарламасы» аясында өткен жылы қабылданған үш жақты келісім-шартқа сәйкес 10408 га. егістік жер игерілген. 2 гектар жылыжай іске қосылып, 85 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілген. 10-15 басқа арналған 11 мал бордақылау алаңдары ашылды. Қала берді, 3 шағын жанұялық ферма өз жұмысын бастады.

Осындай игі істер Бадамда көп болғай!

С.БАЙБОСЫНОВ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика