«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында мектеп оқушылары спорттың төрт түрінен, яғни волейбол, баскетбол, футбол және шахматтан сайысқа түседі. 80 миллион теңге қаржылай сыйлықты жарысқа қатысатын 536 команда арасында сарапқа салынбақ.
Салауатты өмір салтын насихаттайтын «Шымкент жастар лигасы» дәстүрге айналды. Биыл үшінші рет ұйымдастырылды. Ауқымды жоба бес мыңнан астам жас өреннің басын қосып, спортқа баулиды. Ұйымдастырушылар жаңа маусымда бақ сынайтын командаларға сәттілік тіледі.
Біріншілікке қатысуға жалпы саны 9 мыңға жуық оқушы ниет білдірген. Командалардың жұмысын үйлестіру үшін 420 денешынықтыру маманы жұмылдырылған. «Шымкент жастар лигасы» Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Осылайша мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына баули отырып, ҚР чемпионаттарына команда жасақтау көзделіп отыр.
«Шымкент жастар лигасы» оқу жылының соңына дейін үздіктерді іріктейді. Осылайша білімі мен спорттағы белсенділігі үйлесім тапқан команданың лига тарихында аты қалады.
Leave a Reply