Шымкентте 30 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды

Шымкентте 29 236 адам жұмыспен қамтылды.Жыл соңына дейін көрсеткіш тағы өседі деген жоспар бар. Өйткені «2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба» шеңберінде 2022 жылы 33 500 азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған.

Ал бүгінгі күнде орындалған көрсеткіш- 29 236 адам. Яғни 87,3% құрады.

Сараласайтын болсақ,  1 632  шымкенттік жұмыс берушілердің сұрауы бойынша жұмыссыздарды оқу ұйымдарында оқыту шарасына тартылған. Ал  921 адам платформада талап етілетін дағдырларға онлайн-оқытуды енгізу бойынша жұмысқа шақырылған. Оған әлеуметтік жұмысқа орындарына жайғасқан 125 адамды қосыңыз.

Биыл сондай-ақ, «Жастар практикасы» негізінде 2236 адам «қамтылды. Олардың жұмыс ұзақтығы 12 айды құрайды, еңбек  жалақысы 30 айлық есептік көрсеткіш яғни 91 890 теңге. Дәл осындай жалақымен 291 адам  «Алғашқы жұмыс орны» аясында екі қолға бір күрек тапқан.

Шымкенттік  2357 адам «Қоғамдық жұмыс» орыны бойынша жолданды.  Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды, төленетін жалақысы 28 айлық есептік кқрсеткіш немесе 85764 теңгені құрайды. Ал 17 адам  «Ұрпақтар келісім шарты» жобасымен жұмысқа тұрды. Жұмыс істеу ұзақтығы 6 ай, олардың еңбек жалақысы 30 айлық есептік көрсеткіш немесе 91 890 теңге.

Быил сондай-ақ, «Күміс жас» жобасы аясында 18 адам жұмысқа тұрған. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдарды жұмысқа орналастыруға 192 адам жоспарланған. Жұмыс ұзақтығы 12 айдан аспайды. Төленетін жалақысы «Күміс жас» жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақы мөлшерінің 50% -ын құрайды, бірақ 30 айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек.

Өздеріңіз байқағандай, жұмыссыз азаматтардың қолына «күрек» тауып беру  шарасы қарқын алған. Әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, тұрақты жұмыспен қамтылуда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика