Оңтүстіктің неке агенттіктері тоқал тауып берумен айналысады
Статистикалық деректерге көз жүгіртсек, жер шарындағы ер адамдардың саны әйелдерден 8 пайызға төмен. Алайда әлем демографтары «Жер бетінде әйелдер саны азаюы мүмкін» деп байбалам салуда» деп хабарлайды америкалық Fox News телеарнасы. Мамандардың бұл пайымдаулары негізсіз емес. Алдағы 10-20 жылда нәзік жандылардың сандық көрсеткіші күрт төмендеуі мүмкін. Бұған кей мемлекеттерде сәбилерге, оның ішінде қыз балаларға түсік жасату жиі орын алуы себеп болып отыр.
Соңғы жылдары қоғамда «жыныстық селекция» деген түсінік қалыптасты. Бұл — дүниеге келер сәбидің жынысын алдын ала анықтау деген мағынаны білдіреді.
Жатырдағы бала қыз болса, оған жасанды түсік жасалады. Жалпы, мұндай құбылыс Қытай, Үндістан, Армения және Грузия сияқты мемлекеттерде кеңінен таралған. Көрсеткіштерге сүйенсек, Қытайда 100 қызға — 121 ұл, ал Үндістанда 100 қызға — 112 ұлдан туылатын көрінеді. Көптеген жанұяларда ұлдың орны ерекше екені айтпаса да түсінікті. Дүниеге ұл бала әкеліп, отбасын қуантқысы келетін нәзік жандылар да жетерлік. Қазірдің өзінде Азия елдері бойынша 160 миллионнан астам қыз бала дүние есігін ашпай, анасының құрсағында тұншықтырылған екен. Мамандар нәзік жандылардың азаюы жер бетінде қылмыстың өршуіне себепкер болады деп отыр. Ер адамдар санының артуы қыз балаларды зорлау, тонау, сондай-ақ жезөкшелікке көптеп итермелеуге жол ашады деп алаңдайды. Әлемді алаңдатып отырған «әйел дефициті» жақын болашақта бізде де орын алуы әбден мүмкін. Шаранаға Алланың берген сыйы емес, ұрпақ жалғастырушысы ретінде қарап, қыз балаларға жасанды түсік жасататындар әлем елдері былай тұрсын, өзіміздің қаракөз қазақ қыздарының арасында да жиі кездеседі.
Еліміздің Статистикалық агенттігінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың 1 маусымында нәзік жандылардың саны 6 миллион 419 мың 508 болса, ер адамдар жалпы халықтың 5 миллион 737 мың 197-сін құраған. Бұл — елімізде бөріктілер саны әйелдерге қарағанда 682 мың 311-ге кем деген сөз. Ер адамдар санының аздығы жағдайды пайдаланып қулықпен ақша табатын бәзбір кәсіпкерлерге жаңа бизнес көзін ашуға жағдай туғызып отыр.
Биік мінберлерден екінші әйел алуды заңдастыру мәселесі қозғалғалы бері, «тоқал» деген сөзді құлағымыз жиі шалатын болды. Тіпті Оңтүстік астанамыздың неке агенттіктерінің бірі «Тоқал» қызметін ұсынып отыр. Аты оғаштау естілетін бұл қызмет ер адамдарға екінші әйел таңдауға мүмкіндік береді. Мұндай жаңалық ер адамдарды ғана емес, нәзік жандыларды да ерекше қуантса керек. Неке агенттіктеріне барып, «Тоқал» қызметіне жүгінген қыздар да табыла кетті дереу. Білім іздеп, мансап қуып, өмірлік жарын кездестіре алмаған қыз балалардың талабы биік. Олар орташа табысты ер адамға емес, қалтасы қалың, жасы 40 пен 50-ді еңсерген жігіт ағасына ғана екінші жар болуға дайын екен. Ең қызығы, «Тоқал» қызметіне жүгінген қыздар «болашақ жарының» бәйбішесімен бірге тұруға да қарсы емес. «Тоқал» қызметінің тұтынушылары негізінен 30 бен 45 жас аралығындағы өзі-өзін материалдық тұрғыдан қамтамасыз ете алатын арулар. Білім іздеп, мансап қуып, өмірлік серігін дер шағында жолықтырмаған нәзік жандылар өздеріне тірек боларлық, баласына жақсы әке боларлық, әрі табысы мол ер адамды іздейді екен. «Неке агенттігінің» директоры Әсел Сәкенова «Тоқал» қызметін ұсыну ер адамдарды бір желпінткенін айтады. Тіпті қоңырау шалып, алғыс білдіргендер де табылыпты. Қызметтің бұл түрі еліміздің демографиясына өзіндік септігін тигізеді деп пайымдайды неке агенттігінің басшылығы. Алайда мұндай қызмет адамгершілік қағидаларына сай ма, жоқ па, бұған ешкім де бас қатырмайтын сияқты. «Тоқал» ер адамдарға тоқал тауып беріп, халық санының өсуіне оң әсер етуі де мүмкін. Десек те, бұл қоғамда белең алған түйіткілді шешпесі анық.
«Тоқал» қызметі жағдайды оңалтудың амал-айласы болса, неке агенттіктерінің ұсынып отырған ендігі қызметі еріккеннің ермегі ме дерсіз. Бұған дейін пәтерді, жерді, ғимаратты жалға алатын болсақ, енді алматылық арулар жігітті де жалға алатын болды. Неке агенттіктері қыздардың мәселесін «Еркекті жалға беру» қызметімен шешпек. Жалға берілетін ер адам өте сыпайы, тәрбиелі, көрікті болуы тиіс. Көбіне мұндай қызметке жанына сымбатты жігітті ертіп, құрбыларының, күйеуінің қызғаныш сезімін оятып, бір мақтанып қалуға құмар арулар жүгінеді-міс. Жалға берілетін жігіттердің аты-жөні, мекенжайы құпия түрде сақталады.
Қоғамымызда мұндай арсыздықтың орын алуы, ер адамдар мен әйелдер санының ара салмағына байланысты емес әсте. Қазақ арулары ер адамды ерекше қастерлеп, алдынан кесе-көлденең өтпеген. Әйелді де халқымыз отбасының ұйытқысы деп ерекше сыйлаған. Қыз баланың тәрбиесі — ұлттың тәрбиесі деп бағамдайтын елде іштегі қызды жасанды түсікпен алдыру, ер адамды жалға беріп, абыройын аяқасты ету — адамгершілік қағидаларының сақталмауының, азғындауды белгісі болар.

Әйгерім БАҚЫТҚЫЗЫ
«Айқын» газеті{jcomments on}
Leave a Reply