ШЫМКЕНТ КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА ТҰР

Шымкентте өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 миллиард теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр. Ал, тартылған инвестиция көлемі 327,9 миллиард теңге болып, 20 пайызға артты.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 миллиард  теңге немесе 139,7 пайызды құрап отыр.

Пайдалануға берілген тұрғынүй көлемі 507,1 мың шаршы метр бұл 127 пайызды құрайды.

Жалпы  сауда көлемі  140,1 миллиард теңгені көрсетіп, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артқан. Оның ішінде, бөлшек сауданың үлесі  417,9 миллиард теңге болса, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтермесауда 944,3 миллиард теңгені құраған. Бұл  113,4 пайызды көрсетеді.

Жалпы көлік көлемі 224,3 миллиард теңге болып, 107,9 пайызды құрады. Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артқан. Байланысқызметі 5 724,9 миллион теңге болған, бұл 4,6 пайыз өсімді көрсетеді.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгін өткен  Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасады.   Шымкент қаласының барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында  тұрғанын атап өтті.

Оң өсімді сақтауда қаланың құрамындағы аудандардың да өзіндік үлесі бар.

684  отбасы қоныстанған,4419 адамы Абай ауданы Қызылжар тұрғын алабы, 2021 жылғы атқарылған жұмыстар нәтижесінде сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Тұрғындар табиғи газбен де толық қамтылған. Алапты жоспар бойынша электр жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары 2022 жылдың IV-тоқсанында толықтай аяқталады.

19 көше бар елдімекен жолдарының 7-еуі асфальт, 12-сі тас жол. Соның ішінде, 8 көшеге 2021 жылғы жоспарға сәйкес шағал тас төселген. Жарықтанырылған көшелер саны — 3.  Биыл тұрғын алапта, Ленин және Жастар көшелерінде құрылыс жұмыстары атқарылды. Сапалы интернетпен қамту мақсатында базалық станцияның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл соңында іске қосылмақшы. Бұл жұмыстарды атқару үшін де милиондаған қаражат жұмсалып жатыр. Оның ішінде мемлекеттің бюджеттің үлесі қанша,  республикалық және жергілікті қазынадан қанша ақша бөлінді, жеке көзден қанша қаражат тартылды?  Бұл туралы сандық мәліметтер қаланың бір жылдық қорытындысында көрініс беретін болады.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика