ШЫМКЕНТТЕ КАРТИНГ СПОРТЫНАН ЖАРЫС ӨТТІ⁣

Шымкент қаласында алғаш рет Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен,«Sport Villa» ойын-сауық кешені және «Rafe» ресторан басшысының қолдауымен картинг спорттық жарысы «Jas Team Kart» жобасы аясында өтті. ⁣⁣
«Sport Villa» ойын-сауық кешенінде өткен турнирге жоғары оқу орындарынан 35 қатысушы жиналды. ⁣⁣ ⁣
Картинг спорттық жарысына 7 команда өзара сайысқа түсті. Ойынның шарты бойынша қатысушылар 3 айналымды еңсеріп, 5 минутта мәреге жету керек. ⁣⁣ ⁣
— Картинг спорттық жарысына ОҚМПУ студенттерінің арасынан команда жасақтап келген болатынбыз. Осындай керемет жарысқа бірінші рет қатысып, сайысқа түстік. Ойын барысында жаңа орта тауып, спорт саласына өз үлесімізді қостық деп ойлаймын. Тартысты ойынға қатысуымызға мүмкіндік берген Жастар ресурстық орталығына студенттердің атынан алғыс айтамын, – деді ОҚМПУ студенті Бақберген Мұратұлы.⁣⁣ ⁣
Жарыс жолында тартысты ойын көрсеткен шеберлер орталық басшысы М.Исаховтың арнайы диплом және кубоктарымен, қалған қатысушыларға қатысқаны үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды. ⁣⁣ ⁣
Жарыста бірінші болып мәреге жеткен Онтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері.⁣⁣
Екінші орынды М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жастары иеленсе, ⁣үшінші орынға Ж.Тәшенев атындағы университет университетінің студенттері иеленді.
Картинг — Арнайы машиналардағы автомобиль жарысының бір түрі —  карталар —  картинг деп аталады. Карт — бұл денесі жоқ шағын типтегі жарыс машинасы. Оның құрылымы миниатюралық қозғалтқыш, орындық пен дөңгелектер бекітілген рамадан тұрады. Карт автокөліктің түріне және класына байланысты жылдамдықты 60-тан 260 км / с-қа дейін жеткізе алады. Жарыстар ашық тректерде де, арнайы жабдықталған жерлерде де өтеді — картинг тізбектерінде.
Жарыс көптеген адамдар үшін қауіптің жоғарылауымен байланысты болса да, картинг өте қауіпсіз, әсіресе әуесқойлар өте құмар.

 

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика