ЖАҢБЫР СУЫ ШЫМКЕНТТІКТЕРДІ ӘЛЕККЕ САЛМАДЫ

әл-Фараби ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты аудан әкімшілігінің қызметкерлері мен мердігер мекемелерден құралған кезекші бригадалар жұмыс атқаруда.

Бірінші кезекте су басу қауіпі басым аумақтар – Сәуле шағынауданындағы Тұмарлы көшесі, Жеңістің-50 жылдығы, Ынтымақ, Ақмешіт көшелері; Самал-2 шағынауданындағы Байдала көшесі, Жанкент және А.Байтұрсынов көшелерінің қиылысы; орталық аумақта Ж.Тәшенов пен Тәуке хан даңғылы, Д.Қонаев даңғылы мен Т.Рысқұлов көшесінің қиылыс айналма жол, Т.Айбергенов көшелері бақылауға алынып, тиісті жұмыс жүргізілуде.

Жаңбырдан жиналған суларды тазарту үшін «Build stroi» ЖШС-і тарапынан — 5 камаз бочка, 2 мотопомпа, 15 жұмысшы жұмылдырылды. «Байтерек» ЖШС-ы тарапынан — 4 камаз бочка, 3 мотопомпа, 10 жұмысшы тартылды.Сондай-ақ, ирригациялық арықтарды тазарту жұмыстары да қатар атқарылуда.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерде су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.

Абай ауданы аумағында су басу қауіпі бар аумақтарда арнайы кезекші бригадалар мен әкімдік қызметкерлері жұмыс атқаруда.  Атап айтқанда, 112 орамда орналасқан Юнатов, Аққараған көшелері, Қатынкөпір ш.а Майлин, Шұғыла ш.а Қазына, Алтынғасыр, Қазығұрт ш.а Бөгенбай батыр, және Өтегенов Төлеметов көшесінің қиылысына және Республика Бейбітшілік көшелерінің қиылысына арнайы техникалардың көмегімен су тарту жұмысы жүргізілді.  Су тарту жұмыстарын аудан әкімі Б.Парманов қадағалап, жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар беріп, тұрғындарға қолайлы орта қалып тастыру керек екенін жеткізді.  Сонымен қатар, Колос және Бекжан базар аумағындағы тоннелдерде бақылауға алынған.

Бұл жұмыстарға «Build Stroi» ЖШС арнайы 15 техника су тартатын және 30-ға жуық жұмысшы қызметкерлер жұмылдырылды.
Қазіргі таңда тұрғын үйлерге су басу қауіпі жоқ. Жағдай тұрақты бақылауда.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика