tories/c50a06df9c6cc44f4855221597ef8ddb.jpg» border=»0″ align=»right» />Ел Тәуелсіздігінің 21 жылы тарих қойнауына кетті. 22-ші жылға аяқ бастық. Елбасы 2050-ші жылға дейінгі көшті бір түзеп, мемлекеттің бағдарын айқындап, жоспар түзуге пәрмен берді. Қазақстан емес, Қазақ елі атанатынымыз қайсымыздың болмасын жүрегімізге жылы тиді. Тәуелсіздік қарсаңында басталған жылы-жылы хабарлар жалғасын тауып жатыр, әлі.
Оңтүстік өңіріндегі аудан қалалар бір бірімен жарысып-ақ жатыр. Бұл жолы әлеуметтік салада жеткен жетістігін алға тартып.
Түлкібас ауданында екі бірдей білім ордасы бір күнде пайдалануға белді. Рысқұлов ауылына қарасты «Шұқырбұлақ» ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы 200 оқушыға арналып салынған мектеп ғимараты мен «Мучирин» ауылына қарасты Қожамберді ауылындағы Мұхтар Шаханов мектебінің ғимараты. Сонымен қатар Түлкібас ауданы, Рысқұлов ауылдық округіне қарасты «Азаттық» елді мекеніне ауыз су жүйелерінің құрылысы аяқталып 425 елді мекен тұрғындарына таза ауыз су берілді.
Енді Түлкібастың ерекшелігін айтайық. Көгілдір отынмен толық қамтамасыз етілген қала жоқ екен елімізде. Тіпті, ел ордамыз Астананың өзіне де, табиғи отын құбырының тартылмағаны да рас. Дархан Мыңбай ағамыздың тілімен айтқанда «Алатау мен Қаратаудың» қойнында қоныстанған ағайындар 97 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп отыр. Келесі жылы тау үстіндегі 5 елді мекенге көгілдір отын жеткізіліп 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз ететін боламыз.Көгілдір отынмен қамтамасыз ету жолында қиындықтар да жоқ емес. Тұрғындары аз елді мекен тұрғындарын орталықтандыру жолында қиындықтар туып отыр. Мысалы 5-6 отбасыға газ құбырын тартып, ол жерге мектеп ғимаратын салып бере алмаймыз. Сол себептен де тау ішіндегі ел тұрғындарын қосып, бір елді мекен ету шаралары қиындықтар туғызып отыр-дейді , табиғи газдың рахатын көріп отырған ауданның әкімі.
Бұдан бес жыл бұрын түлкібастық тұрғындар газ құбырының сметалық төлқұжатын өз қаржысы есебінен жасатқан екен. Енді жемісін көріп отыр.
Алдағы уақытта Түлкібас өңірінің қазіргіден де жасылдана түседі. Бұған бек сенімді азаматтардың бірі ОҚО мәслихатының депутаты Келесбек Ешенқұлұлы. Игілікті істің басы-қасында жүрген білікті маман «көгілдір отынды пайдаланған ел тұрғындары енді жасыл желекті отын үшін отамай , керісінше көбейтеді деп қуанады . Біз де сендік.
Нұрлан Әлімбаев
«Қызмет» ақпарат.
Сурет: to; -webkit-text-stroke-width: 0px;»>bnews.kz
{jcomments on}
.
Leave a Reply