Шымкент қалалық мәслихатының кезекті жиырма екінші сессиясы өтті. Онда депутаттар Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің 2022 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары туралы есебін тыңдады. Қала әкімінің айтуынша, Шымкент қаласында биылғы жылдың 10 айында экономиканың негізгі салаларында өсім байқалған.
–Өнеркәсіп өнімінің көлемі 750,3 млрд. теңгеге жетіп, 6 пайызға өсті. Ал, инвестиция көлемі 18 пайызға, құрылыс жұмыстары 39 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 26 пайызға, бөлшек сауда көлемі 12 пайызға артты. Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Соның нәтижесінде экономикаға тартылған инвестиция көлемі тұрақты түрде артып келеді, – деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Оның айтуынша, өткен 4 жылдың ішінде қала экономикасына 1,5 трилиион теңге инвестиция тартылған болса, алдағы бесжылдықта 6 триллион инвестиция тарту жоспарланған. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін нақты жоспар жасалған.
Халық қалаулылары қала әкімінің атқарған жұмыстарына оң баға берді. Сессия барысында депутаттар Шымкенттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мұнан өзге де бірқатар мәселелерді қарап, тиісті шешімдерді қабылдады.
“Соңғы 4 жыл ішінде қалаға 1,5 трлн.теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы 5 жылда 6 трлн.теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл бағытта нақты жоспарымыз бар, инвесторларға барлық жағдай жасау біздің басты мақсатымыз”, — деді қала әкімі.
Осы және өзге де жетістіктерді хабардар еткен Мұрат Дүйсенбекұлы жиын қорытындысында саяси науқанда белсенділік танытқан халық қалаулыларына алғыс білдірді. — Құрметті депутаттар, құрметті жиынға қатысушылар сіздермен бірлесіп қала өмірінің түрлі саласына қатысты мәселелер қаралып, өз шешімдерін тапты.
Қазіргі таңда қала экономикасы айтарлықтай дамыған, оның ішінде өнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлік, сауда және құрылыс салалары, көлік инфрақұрылымы тұрақты өсіп келеді. Осы ретте әрқашан белсенді атсалысып, қолдау көрсеткендеріңізге алғысымды білдіремін. Мемлекет Басшысы алдымыздағы мақсатты айқын, бағыт бағдарымызды нақты белгілеп берді. Алдымызда атқарылатын жұмыстар көп, — деді ол.
Leave a Reply