Тағамдардың көшін бүйрек бастап тұр

tories/1354772278_8.jpg» border=»0″ width=»267″ height=»184″ align=»right» />Тағамтану жөніндегі мамандар суық күндері қандай өнімдерді тұтыну керектігін айттты. Сондай қажетті тағамдардың көшін кәдімгі бүйрек бастап тұр.

Бүйрек — қыстыгүні жемістер мен көкөністердің орнын басатын бірден-бір азық. Ғалымдар мұны жануарларға жасаған зерттеуінде анықтады. Мамандар жануарларды үш топқа бөлді: біріншілерін қарапайым жеммен, екіншілерін В дәрумені бар азықтармен, ал үшіншілерін шикі бүйрекпен қоректендірді.

Бір апта өткен соң, жануарларды суық суға салды да, олардың қаншалықты суыққа төзімді екендігін тексерді. Алғашқы және екінші топтағылар, яғни жем мен В дәрумені бар өніммен қоректенетін жануарлар 13 минут қана суық суда тұруға шыдаған. Ал бүйрекпен қоректенген жануарлар 90 минутқа дейін суық суда тұра берген.

Бүйректе В дәруменімен қатар, D, С, Е, К дәрумендері де, аскорбин қышқылы да, темір де кездеседі. Күніне бүйрек етін бір рет жеудің өзі дәрумендердің күндік өлшемін толықтырып отырады. Әсіресе нәлім балығының (солтүстік теңіздерде болатын балық) бүйрегінің берері зор. Өйткені онда көз көру жүйесін жақсартатын А дәрумені мен бұлшық ет жұмысын жақсартатын D дәрумендері мол.

Суыққа төзімді болу үшін қыстыгүндері бүйрек етін пісіріп жеуден қашпағайсыз!

«Қызмет» ақпарат.

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика