Шымкент жұртшылығы ұшақ апатынан қаза болғандарды соңғы сапарға шығарып салды

tories/434_23c72a5bf17c70934c11b3b05e599ab8.jpg» border=»0″ align=»right» />Естеріңізде болса 25 желтоқсан күні кешкісін АН-72 ұшағы апатқа ұшырап, 27 адам көз жұмды. Қаза болған азаматтардың 20-сы әскери қызметкер, 7 –і экипаж мүшелері болатын. Бүгінде шейіт болғандардың ішінде 18 азаматтың  мәйіті анықталып отыр. 30-шы желтоқсан күні ертелеп Шымкенттің қарасы қалың жұртшылығы 16 азаматты соңғы сапарға шығарып салуға келді( екі мүрдені туыстары  Шу қаласына алып кетті деген  ақпарат алдық).

Қайғы бөліссе жеңіл.  ҚР ҰҚК төрағасы Нұртай Әбіқаев бастаған  бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлері, халық қалаулылары  қара көрсетіп, қара жамылған отбасылардың қайғысына ортақтасты.

Жалпы, АН-72 ұшағы жөнінде білгір мамандардың пікірі оң. Ауа-райының кез-келген жағдайына бейім бұл ұшақ әлемнің бірнеше елінде қолданыста жүр. Әзірге, оқиғаның алдын орап көп болжамды алға тартсақ ағаттық болар. Апат себептерін анықтау арнайы ведомствоаралық комиссия мүшелерінің құзырында.  Талқыға түспейтін шынайы бір ақиқат бар. Ол-  экипаж мүшелерінің  әскери міндетіне адалдығы мен батырлығы.

                                   Н.Әлімбаев «Қызмет-Ақпарат»

Сурет: to; -webkit-text-stroke-width: 0px;»>qazaquni.kz

{jcomments on}

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика